Септеу категориясы және септік жалғаулары. Септеу категориясының даму ерекшеліктері



бет2/5
Дата09.06.2022
өлшемі23,19 Kb.
#36622
1   2   3   4   5
Байланысты:
зат е

Ілік септік. Ілік септік тұлғасының көне жазбалар тілінде мына сияқты фонетикалық варианттары бар: -ың, -ің, -уң, -үң, -ның, нің, -наң, -нәң. Зерттеушілер –ың және –ның, яғни, аффикстің ең басында –н дыбысының бар я жоғына қарай, ілік септік қосымшасының екі түрлі таралуын болжайды. Академик В.В.Радлов Алтын Орда жарлықтары жайлы еңбегінде –ың тұлғасын батыс түркі тілдеріне тән, -ның тұлғасын шағатай тіліне, яки, шығыс тілдеріне тән тұлға деп есептейді. Бұл пікір есімдіктердің септелуін негізге алады. Орхон-Енесей жазбалары тілінде ілік септіктің қолданылуы: Күн тігін Байырқұның ақ адғырығ бініп оплайу тегді (КТ). «Күл тегін Байырқұның ақ айғырын мініпшабулға шықты»... Олурыпан түрк будуның ілін, төрүсін тута бірміс, іті бірміс. «Отырып түрк халқының елдігін, тұтастығын сақтады». Зат есімге –ның түрінде (байырқұның) жалғанса, есімдікке –ың түрінде (мен-ің) жалғанған. Түркітанушы Бангтың түсіндіруінше ілік септік алғашқыда «субъектінің айналасындағы, қасындағы» дейтін мәнді білдірген де, меншіктілік мән соның негізінде барып қалыптасқан. А.М.Щербак ілік мәні алғашында да меншіктелу, тәуелдену мәнерімен келген деп қарайды. Яғни, сол меншіктілік, тәуелділік мәнді арнаулы қосымшамен беру қажеттігінен барып анықтауыштық конструкция құрамындағы атау тұлғасынан өзгеше тұлға – ілік септік қалыптасқан.
Ілік септік көне ескерткіштер тілінде кейде өзімен тетелес сөздің тәуелдік жалғаулы болуын талап етсе, кейде тәуелдік жалғауынсыз-ақ меншіктілік мән бере алады. Біздің еб (МҚ). «Біздің үй». Менің қарын тозты (МҚ). «Менің қарным тойды».
Ілік септік жалғауының қолданыстағы негізгі мағыналары: Бүтіннің бөлшеген, құрама салаларын білдіреді: Менің қарным тозты (МҚ). «Менің қарным тойды». Кісілер, заттар арасындағы қатысты, байланысты білдіреді: Бенің будунум анта ечуч (Т). «Менің халқым ана жақта еді». Абстрак меншіктілікті де білдіреді: Біздің хан ағаларымыз (ЯТ). «Біздің хан ағаларымыз».
Табыс септік. Табыс септік жалғауы әдетте тура толықтауыштың грамматикалық көрсеткіші деп қаралады. Табыс жалғауы қашан да іс-әрекет таралған тура объектіні білдіретін грамматикалық тәсіл есебінде танылды. Табыс септік қазіргі түркі тілдеріндегі тұлғалары бір-біріннен сонша алыстап кетпеген. Көне түркі ескерткіштері тілінде табыс септік жалғаулары мына төмендегідей тұлғаларда кездеседі: 1. –ғ, -г, -ығ, -іг, -ұғ, -үг; 2. –ы, -и; 3. –н, -ні, -ны.
Көне түркі жазбалары тілінде табыс септік жалғауының негізгі қолданысы мынадай: Істің, әрекеттің таралу объектісін білдіреді: ...Тоқуз оғуз беглері будуны бу сабымен едгүті есід қатығды тыңда (КТ). «Тоғыз оғыз бектері халқы бұл сөзімді жақсылап есіт, қатты тыңда».
Тура толықтауыш қазіргі тілімізде сабақты етістіктермен ғана байланысады. Алайда, көне түркі ескерткіштерін зерттеушілер ол тілдегі толықтауыштар әрқашан тек сабақты етістіктерге ғана қатысты болып келмейтінін айтады. Көне ескерткіштер тілінде (V-VIII ғ.ғ.) тура толықтауышты өзіне бағындырып меңгеретін етістіктердің толық емес тізімі мынадай (С.Малов): код (қою), келтүр (келтіру), ал (алу), йаратын (жараттыру), көзүн (көріну), бол (болу), сақын (ойлау), сы (сындыру), ас (асу, таудан асу), бар (бару) т.б. Осы етістіктердің біразы іс-әрекетті белгілі бір объектімен байланыстыра білдіруге икем болса, кейбірі мекен-көлемдік т.б. мән беретін сөздер. Бұлар тура объектілік мәнмен бірге, басқа да грамматикалық қатынастарда жұмсала алады. Көне түркі тілінде табыс жалғауы сабақты етістіктермен қатар салт етістіктерге қатысты қолданылған.Табыс жалғауының бұл ерекшелігі олардың тек тура объектіні ғана емес, мекен, көлемдік, құралдық мән туғызуына да мүмкіндік берген.
Табыс септік жалғауының пайда болуын А.Н:Кононов табыстың көне түркі тіліндегі тұлғасы –ғ, (-ығ, -іг) ілік септік жалғауы құрамындағы мұрын жолды –ң дыбысының (-ың) өзгеруіненшыққан деп шамалайды. В.А.Богородский бұл жалғаудың алғашқы түрі оңтүстік-батыс тілдерінде кездесетін –ы, -і варианты деп қарайды. Есімдік түбірге жалғанған кезде түбірдің соңғы –н дыбысы морфологиялық ығысу заңы бойынша қосымшаға ауысқан (мен-і>ме-ні). Кейін осы құрамда есімдіктердің септелуіне де ауысқан. Ал –ы, -і тұлғасын этимологиялық жағынан тәуелдік жалғаудың ІІІ жағымен байланыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет