Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет113/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   521
«Білетіндердің ұстазы» 
деген ат береді. 
Өзінің философиядағы көзқарастарында Ибн-Рошд дүниенің 
мәңгілігі мен шексіздігі жөнінде айтады. Әрине, ол өз заманының туын-
дысы болды, сондықтан ол Құдайды мойындады. Құдай – шындықтың 
мәңгілік қайнар көзі болса, материя – дүниенің мүмкіндігінің мәңгілік 
қайнар көзі, өйткені «егер Жаратушы мәңгілік болса, онда жаратылған 
дүние де – мәңгілік». Құдай – қажетті барлық, ол дүниенің мүмкін-
дігі – материяға бітім беріп, оны шындыққа айналдырады. Дүниедегі 
ешбір нәрсе пайда болып, я құрымайды, ол өзгеру арқылы басқа затқа 
айналады. Материя заттың ішкі мүмкіндігін құраса, бітім (форма) оның 
сыртқы іске асуына, өмірге келуіне әкеледі. 
Ибн-Рошд Аристотель философиясының негізгі қағидасының бірі – 
«материя ешқашан бітімсіз, ал бітім материясыз өмір сүре алмайды» 
деген ойын толығынан қолдап, оны ары қарай тереңдетеді. Егер мате-
рия мен бітімді біз ажырата алмасақ, онда мүмкіндік пен шындық та – 
бірегей, олардың айырмашылығы салыстырмалы ғана. Дүние мәңгілік 
болғаннан кейін, қайсыбір мүмкіндік ертелі-кеш шындыққа айналуға 
тиіс. 
Ибн-Рошдтың таным ілімінде ақыл-ой негізгі орын алады. Әрине, 
Құранда да дүние туралы белгілі қағидалар берілген. Бірақ олар қалың 
бұқараға бағышталғаннан кейін, соларға түсінікті болуы үшін тұрпайы 
түрде көрсетілген. 
Ал философияны алатын болсақ, ол – ақыл-ойы терең, білімді 
адамдардың айналысатын нәрсесі. Бұл пәннің негізінде зерделі 
дәлелдемелер жатыр. 
Философия мен дін адамды ақиқатқа жетуге үйретеді. Онда 
олардың алдына қойған мақсаттары – бір. Бірақ кейбір мәселелер бой-
ынша қайшылықтар пайда болуы мүмкін. Олай болған жағдайда діннің 
қағидаларын философиялық ой елегінен өткізуіміз керек, өйткені 
ақиқат біреу және ол зерделі. 


132
Өзінің таным ілімінде Ибн-Рошд бүкіл адамзатты құрайтын жеке 
адамдардың ақыл-ойының бірегейлігін, әлеуетті ақыл-ой құрайтынын 
айтады. Расында да, адамдар шектелген, дүниеге уақытша келген пенде 
ретінде универсалияларды, әлеуетті ақыл-ой болмаса жасай алмас еді. 
Жеке адамның танымдық мүмкіндіктері шындыққа айналуы үшін, 
оған дүниежүзілік белсенді ақыл-ой (Құдай) түрткі болуы керек. Ол 
әлеуетті ақыл-ойға тікелей емес, оның сезіміне, қиялы мен елестетуге 
әсерін тигізіп, мән-мағынаның ашылуына, оның шындыққа айналу-
ына әкеледі. Сол сәтте жеке адамның ашқан ғылымдағы жаңалығы 
адамзаттың әлеуетті ақыл-ойдың ажырамас бөлігіне айналуына, 
оның бірте-бірте Құдайдың белсенді, маңызды (өзекті) ақыл-ойына 
жақындап, соңында қосылуына жеткізеді. 
Сөйтіп, Ибн-Рошдтың әлеуетті ақыл-ойы – ол қазіргі философия-
дағы қоғамдық сана деген ұғымға жақын.
Ойшыл: «Адам – өтпелі пенде, оның денесімен бірге жан дүниесі 
де келмеске кетеді», – дейді. «Бірақ адамзаттың әлеуетті ақыл-ойы – 
мәңгілік, ол Құдайдың ақыл-ойымен қосылуға тырысады, ал ол 
орындалған кезде дүниежүзілік адамзат тарихы сонымен аяқталады», – 
деген көзқараста болған.
Бұл тұжырымнан екі қорытынды шығуы мүмкін. Жеке адам мәңгілік 
болмаса да, адамзаттың рухы әлеуетті ақыл-ой ретінде өмір сүргеннен 
кейін, адам тылсым-тақуалық өмір салтын ұстауы керек.
Екінші қорытынды оған қарсы: егер адамның өмірі біреу-ақ болса, 
онда неше түрлі қызықтардан ләззат алып, осы дүниеде бақытқа жетіп, 
ойнап-күлу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет