Серік Мырзалы философия оқу құралы


Қажеттілік қаласында адамдар өмірге ең негізгі керек заттарды  өндіру үшін бір-біріне көмектеседі. Айырбастау



Pdf көрінісі
бет109/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   521
Қажеттілік
қаласында адамдар өмірге ең негізгі керек заттарды 
өндіру үшін бір-біріне көмектеседі.
Айырбастау
қаласында тұрғандардың бәрі де байлыққа жету 
үшін бір-біріне көмектеседі, ол – сол қаланың негізгі мақсаты, басқа 
мақсаттарға жету жолындағы құрал емес. 
Құлдыраған
бақытсыз қалада адамдар ой өрісіне көтерілмей, тек 
тамақ табудан, ішуден, жыныстық қатынастан ғана сезімдік ләззат 
алуға тырысады. 
Баққұмар
қаладағы адамдар бір-біріне көмектесіп, өздерін 
басқалардың алдында керемет етіп көрсеткісі келеді (біздің бүгінгі 
таңдағы кейбіреулердің «жаманымызды жасырайық, жақсымызды 
асырайық» деп жүргендері бұл қалаға жақын келеді, оларға «ауруын 
жасырған – өледі» деген нақыл сөзді айтқымыз келеді. – С.М.).
Билікті сүйгіш
қаладағы адамдар басқаларға жоғарыдан қарап
оларды тәуелді етіп ұстағысы келеді. Оларды тек жеңіс қана қуантады.
Адамгершілігі жоқ
қаланың тұрғындары игіліктің не екенін жақсы 
біле-тұра, өздерінің іс-әрекеттерінде басқаша істейді.
Құбылмалы
қаланың адамдары бұрын игілікке бағытталған бола-
тын, ал соңынан басқа құндылықтар жолына түсіп кеткен. 
Адасқан
қала адамдарының ойынша, бақытты өмір о дүниеге 
барғанда болады. Бірақ кейін келе, олардың көзқарасы Құдайға да, шын 
өмірге де өзгеріп, бұзылады. 
Қоғам өмірінің дамуы, Әл-Фарабидің ойынша, негізінен, елді 
басқарып отырған адамның қасиеттеріне байланысты болған соң, 
ойшыл оның қандай болуы керектігіне аса зор назар аударған. 
Ойшыл ондай адамның он екі қасиеті болу керек дейді. Сонында 
олардың барын тұлғалық алты қасиетке әкеліп тірейді. Енді соларға 
назар аударалық.
Біріншіден, ол 
даналық
дәрежеге жетуі керек, яғни барлық істі 
ақыл-ой елегінен өткізіп, халықтың тарихи тәжірибесіне, әдет-
ғұрыптарына, адамгершілік түсініктеріне сай келтіруі керек; 
екіншіден, ол 
білімді
адам болуы керек, өзінің өткен тарихтағы 
заңдарды, әдет-ғұрып нормалары мен ережелерін жақсы біліп, есінде 
сақтауы керек;


128
үшіншіден, әрқашанда 
тапқырлық
көрсету керек, өйткені өмір өне 
бойы өзгерісте, ендеше, елдің алдында бұрын-соңды болмаған жаңа 
ахуал пайда болып, бұрынғы басқару тәсілдерінің бәрін жоққа шығаруы 
мүмкін. Сондай жағдайда өмірге жаңаша қарап, шығармашылық 
тұрғысынан жаңа шешімдерге жету қажет; 
төртіншіден, ол 
аңғарғыш
, көреген болуы қажет. Ел басшысы 
тек бүгінгі күнді ғана ойлап қоймай, болашақ ұрпақтардың өмірі 
қандай болмақ; негізгі мақсат халықтың әл-ауқатын өсіру екенін естен 
шығармауы керек;
бесіншіден, өзінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет