Серік Мырзалы философия оқу құралы


«Бидави» , екіншісі –  «Хидари»



Pdf көрінісі
бет115/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   521
«Бидави»
, екіншісі – 
«Хидари»
. Бұл сөздердің этимологиясын (алғашқы берілген мағынасын) 
қарасақ, онда бидави көшіп-қону, ауылдық, алғашқы деген мағына 
береді. Ал хидари болса, ол – қалалық, астаналық деген мағынада 
қолданылады.
Егер бидави сатысында адамдар мал бағу және егін егумен айна-
лысса, хидари сатысында оларға қолөнерлік, сауда, ғылым мен өнер 
ұсынылады. 
Алғашқы бидави сатысынан хидари (цивилизациялық) саты-
сына өтудің негізгі себебі – өндіріс дамып, 
қажеттіліктен артық 


135
заттардың 
пайда болуы. Қажеттіліктен артық өңдіру қымбат бағалы 
заттарды тудырып, соған ие болуға тырысуды әкеледі. Қымбат киім, 
тәтті тағамдар, әсем сарайлар пайда болады. Ал соңғылардың өзі 
қолөнерді ары қарай дамытуға, оның жаңа түрлерінің пайда болуына 
әкеледі (теріні өте нәзік өңдеу және бояу, моншақтардың әр түрін жасау, 
алтынды, қымбат бағалы тастарды өңдеудің жаңа түрлерін ашу т.с.с.).
Сонымен қатар молшылық ой еңбегінің кәсіби түрін тудырып, 
ғылым тез дами бастайды, кітаптар шығарылады т.с.с.
Ибн-Халдун жоғарыда көрсетілген ойларымен шектеліп қоймай, 
мәселенің екінші жағын көрсетеді. Ол – алғашқы салыстырмалы 
теңдіктен толық теңсіздікке көшу мәселесі. Бұл үдерісті ол екі ұғыммен 
(қосымша) береді. Олар – «асабийя» және «мульк». Бұл ұғымдар арқылы 
ойшыл қоғамның әлеуметтік-саяси деңгейіне көтеріледі.
«Асабийя» ұғымының этимологиясын ғалымдар «рух», «бірігу», 
«ұлттық сезім» ретінде сипаттайды. Бұл ұғым екі сөзден құрылған. 
Біріншісі – «асаба» (топ) және «асаб» (байлау). Ибн-Халдун бұл ұғымды 
«ру бірлігі», «тайпа бірлігі» ретінде қолданды. Екінші мағынасы – сол 
белгілі әлеуметтік топтағы адамдарды бір-бірімен қосатын байланы-
стар. 
Ибн-Халдун алғашқы әлеуметтік байланыстардың рулық-қандық 
екенін мойындағанмен, оның сыртындағы материалдық қажеттіліктер 
қауіп-қатерден сақтанудың маңызын көрсетеді. Сондықтан әлеуметтік 
топтардың құрамы рулық, туысқандық шеңберден шығып, әртүрлі 
сипатта болуы мүмкін. Мысалы, белгілі бір руға басқа жерден келген 
адам қабылдануы мүмкін, кейбір топтар сол тайпаның қарамағына 
бассауғалап, жан сақтап кіруі мүмкін т.с.с.
Алғашқы сатыдағы адамдардың қарым-қатынастары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет