Серік Мырзалы философия оқу құралы


Ибн-Халдунның мемлекеттің пайда болуы мен



Pdf көрінісі
бет117/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   521
Ибн-Халдунның мемлекеттің пайда болуы мен 
өмір сүруі жөніндегі ілімі
Мемлекеттің пайда болуы, өмір сүріп, соңында күйреуі Ибн-
Халдунды өте қызықтырып, оның терең ойларын туғызған. Мемлекет, 
әрине, мүлік пайда болған кезде дүниеге келеді. Оның өзегін уақытында 
өте биік дәрежеде ұйымдасқан, ауызбірлігі биік ру, я болмаса тайпа 
құрайды. 
Бірақ уақыт өткен сайын мемлекет басшысы сол мемлекеттің басқару 
жүйесін құрайтын өзінің туыстарынан бірте-бірте алшақтай бастайды. 
Олардың орнына басқа топтардан адамдар тартылып, неше түрлі 
басымдыққа ие жағдайлар жасалып, оларға басқару істері тапсыры-
лады. «Осы сәттен мемлекеттің күйреуі басталады», – деген ойға келеді 
Ибн-Халдун. Оның себебі – сол мемлекеттің негізін қалаған ішкі бірлігі 
мол алғашқы ру, я тайпа қуылғаннан кейін, оның орнына келген адам-
дар тек жалақы үшін ғана қызмет етеді. Егер мемлекет үстіне қауіп 
төнсе, ол үшін жан-тәнін беретін адамдар олардың ішінде тым аз. 
Ибн-Халдун – мемлекет пен өндірістің, бүгінгі сөзбен айтқанда
экономикамен өзара байланысын терең зерттеген ойшыл. Оның 
жасаған бұл мәселе туралы кейбір тұжырымдары бүгінгі біздің хал-
жағдайымыздан көшіріліп алынғандай. 
«Мемлекеттің өз табиғаты, өндірістің де өзінікі бар. Мысалы, тауар-
лардың бағасы өндіріске жұмсалған қаражатқа, оны әкелуге кететін 
ақшаға, нарықтағы сұранысқа және басқаларына байланысты», – 


137
дейді ойшыл. Оның сыртында қажетті түрде салынатын салықтар да 
өндірелетін тауарлардың бағасын өсіреді. 
Мемлекет, әрине, салықсыз өмір сүре алмайды. Ол бүгінгі 
мемлекеттің басына келген кешегі көшпенділерге тәтті өмір сүру 
үшін, әскер ұстап, шекараны күзетіп және ел ішінде өзінің саяси 
қарсыластарымен күресу үшін керек. Мемлекет, бір жағынан, салықтың 
көлемін өсіруі мүмкін, екінші жағынан, экономикаға тікелей араласып, 
ішкі және сыртқы сауданы бақылауға алып, одан пайда табуы мүмкін. 
«Салық үлкен болса, онда халық әлсірейді, сонымен бірге 
мемлекеттің өзі де әлсірейді», – дейді Ибн-Халдун (біздің үкіметке осы-
дан 500 жыл бұрын өмір сүрген Ибн-Халдуннан дәріс алса жөн болар 
еді). Елдегі бай адамдар мемлекеттегі өздерінің алтынын алып, басқа 
жаққа кетеді. Қарапайым адамдардың өзі де тамақ, киім іздеп, дүниенің 
төрт жағына қаңғып кетеді. Ал мұның бәрі де мемлекеттің өзін жояды, 
өйткені мемлекет – қоғамның бітімі (формасы), ал оның материясы – ол 
сол елді құрайтын, оның өндірісінде істейтін адамдар.
Сөйтіп, мемлекет күйреді. Бірақ ол мемлекет атаулының бәрінің 
де жойылуы емес. Оның орнына басқа мемлекет бітімі келіп, ол да 
тарихтағы өзінің қажетті сатыларынан өтіп, өз орнын жаңа мемлекетке 
береді. 
Ибн-Халдун бойынша, әр мемлекеттің өз өмір сүру ғасыры бар. 
Оның ұзақтығы, орташа алғанда, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет