Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет118/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   521
үш ұрпақтың
өміріне тең. (Кеңес 
мемлекетінің пайда болып күйреуін алайық, ол үш ұрпақтың шеңбе-
рінде болды. – С.М.) Бірінші буын сол мемлекеттің негізін қалап, 
өздерінен гөрі жалпы мемлекеттік мәселелердің қамын ойлайды. Екінші 
буын жаңа пайда болып жетілген мемлекеттің жинаған байлығын 
пайдаланып, рақатқа батуға тырысады, үшінші буын сол мемлекетті 
әлсіретіп, оны титықтауға дейін жеткізеді. 
Сонымен, мемлекет пен цивилизацияның дүниеге келуінің негізгі 
себебі – бір. Ол – өндірістік дамудың негізіндегі байлықтың, артық-
шылықтың пайда болуы. Мемлекет өздерінің адамдарынан ақша 
жинап, басқарып отырған адамдарға жұмсайды. Ол байлық қарапайым 
адамдардан шыққан мемлекеттік лауазымды адамдарға, одан қалса, 
астанадағы солармен байланысты адамдарға жұмсалады.
«Қайсыбір мемлекет пен цивилизацияның әлсіреп құруының 
алғышарты – ел басқарған адамдардың аса қымбат заттарға ие 
болуға ұмтылуы, өмірден барынша ләззат алуға тырысуы, өйткені ол 
қымбатшылықты туғызып, салықты өсіріп, экономиканы күйретеді. 
Мемлекеттің соңғы сатыларында мораль саласында 
азғындаушылық
ашық көрінеді. Адамдар бұзылып, бір-бірін алдайды, бір-біріне жау 
сияқты қарайды, қулық-сұмдық кең етек алады. Соның бәрі тек 
байлыққа жетуі үшін жасалады», – дейді Ибн-Халдун.


138
«Егер адамдар үйлерінің алдына жеміс ағашын отырғызбай, сауыр 
ағашын (кипарис) отырғызса, онда – ол болашақ күйреудің нышаны. 
Өйткені сауыр ағашының жемісі де, жақсы иісі де жоқ, оның тек әсем 
түрі ғана бар», – деп ой салады Ибн-Халдун. 
Сөйтіп, Ибн-Халдунды ұқыпты оқыған адамға бүгінгі таңдағы 
болып жатқан күрделі үдерістерді жете түсінуге жол ашылады.
Ибн-Халдун сонау көне замандағы ой-пікірден бастап, біздің заманға 
дейінгі біршама қоғамды терең зерттеп, өзінің артына мол өшпес із 
қалдырған. Ол – қазіргі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет