245
әсемдiктi, махаббат пен нәзiктiктi
iздеп тауып, содан нәр алып, өзiңдi
бақыттымын деп сезiнуге болады. Тек оған
ұмтылу, оны қалау қажет
.
Қорыта келе, Шопенгауердiң философия тарихында өз орны бар ұлы
тұлға екенiн айтып өтуiмiз керек. Ол болашақ ХХ ғ. пайда болатын
көп қайшылықтарды, әсiресе адам өмiрi мен тағдырына байланысты
көп ойларды көтерiп, болашақ ғасырда ықпалды «өмiр философиясы»
аталған ағымның негiзiн қалап кеттi. Олардың бәрiн бiз келесi тарауда
талдаймыз. Оның алдында тағы да ХХ ғ. философияға өзiнiң зор әсерiн
тигiзген тұлға – дат философы С.Кьеркогердiң шығармашылық еңбегiне
тоқталсақ деймiз.
§ 2. С. Кьеркогердiң философиясы
Серен Кьеркогер
(1813-1855 жж.) – өз заманында бағаланбаған,
жалғыздықтың зардабын толығынан басынан өткiзген, бүкiл өмiрiн жеке
тұлғаның iшкi рухани өмiрiнiң қайталанбас жақтарын, оның Құдаймен
тiкелей байланысын көрсеткiсi келген, Дания елiнен шыққан дiни
философ. Оның философиялық көзқарасы мен жалпы дүниесезiмiнiң
қалыптасуына әкесiнiң дiни дүниесезiмi және «отбасымызға Құдай
қарғысын атты» деген жалған пiкiрi үлкен әсерiн тигiздi. Жас Кьер-
когер әлсiз болып, неше түрлi аурулардан шықпай өстi, бұл жағдай
да оның дүниесезiмiне өз әсерiн тигiзсе керек. Ең соңында, ол 1841 ж.
белгiсiз себептерге байланысты өзiнiң терең махаббаты Регина Ольсен
деген қыздан үйлену тойының алдында бас тартады. Осыдан кейiн ол
толығынан дiни сезiмге берiлiп, әкесiнен қалған үлкен үйде жазушылық
iсiмен айналысып, қалада жұрттың көзiне өте сирек түседі, әкесiнен
қалған барлық қаражатты өзiнiң жазған көп шығармаларын жарыққа
шығаруға жұмсайды. Негiзгi еңбектерi:
Достарыңызбен бөлісу: