Серік Мырзалы философия оқу құралы


өмiрден алу , иелену, байлыққа масаттану  емес



Pdf көрінісі
бет258/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   521
өмiрден алу
, иелену, байлыққа масаттану 
емес
, керiсiнше, болуды 
аңсаған ержүрек батыр.
ХVI ғ. көрнектi жырау 
Шалкиiз Тiленшiұлы
болды. Жыраудың 
ой-толғаулары ел-жұртты қорғау, адамның қысқа өмiрiн той-думанмен 
өткiзу, әлсiзге қол ұшын беру т.с.с. әдеттегi тақырыптарға арналса да, 
өзiнiң ерекшелiктерiмен сипатталады. Мысалы, халықтың белгiлi бiр 
орталық билiкке бағынуы керектiгi. Темiр биге арналған толғауында 
жырау:
«Сен алтынсың – мен пұлмын,
Сен жiбексiң – мен жүнмiн,
Сен сұлтансың – мен құлмын», – деп, оның лауазымын мойын-
дайды. Басқа жағдайда өзара қырылыс-тартыстың жойылмайтынына 
оның көзi жетедi. Жыраудың ойынша, халықтың бiрлiгiн арттыратын – 
жақсылық жолы, сондықтан ол: «Жығылғанды тұрғыз, жылағанды уат, 
қисайғанды түзет», – дейдi.
Көшпендi замандағы ер жiгiттiң аяулы да нәзiк қысқа өмiрiн толғай 
келе, Шалкиiз 
дiни бейсаналық (иррационализм)
бағытын ұстайды. 
Жыраудың ойынша, бәрi де Тәңiрдiң жазғанымен болады:
«Жапырағы жасыл жаутерек,
Жайқалмағы желден дүр.


291
Төренiң кежiгуi елден дүр.
Байлардың мақтанбағы малдан дүр...
Жалаңаш барып жауға ти,
Тәңiрi өзi бiледi,
Ажалымыз қайдан дүр».
Адамды аспанға көтеретiн де, құзға құлататын да – Тәңiр. «Тең 
атаның ұлы едiң, дәрежеңдi артық етсе – Тәңiр еттi», – дейдi жырау. 
Мұндай көзқарастың жұрнақтары осы күнгi қазақтардың да бойында 
бары сөзсiз. Өмiрi толығынан қауіп-қатерге толы, ертеңгi күнi не бола-
тынын бiлмейтiн көшпендiнiң дүниесезiмiне мұндай өмiр философиясы 
оған тiрек болып, оны батырлыққа итердi.
Табиғат
және оның ажырамас бөлiгi – 
адам
Шалкиiздiң шығар-
машылығының өзектi тақырыбы. Қазiргi тiлмен айтсақ, жырау – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет