290
өкiлi өмiрден жастай кеткен
Доспамбет
жырау болды (30
жасқа
келгенде, Астрахан маңындағы бiр шайқаста қаза табады). Оның
толғауларынан өткен әскери-демократия кезеңiндегi көшпендiлердiң
ерiк пен теңдiк, өз елiн қорғаудағы ержүректiк
қасиеттерiн мадақтап,
мақтаныш еткенiн байқаймыз.
«...Айнала бұлақ басы тең,
Азаулының Стамбулдан несi кем? – деген сұрақ қойып, олай болса:
«...Ер Доспамбет ағаның Хан ұлына несi жоқ,
Би ұлынан несi кем! Тәңiрiнiң өзi берген күнiнде,
Хан ұлынан артық едi менiң несiбем!» – деп, өзiн ең жоғары тұрған
тұлғалардан кем санамайды. Шiркiн, осы белгiлi бiр орталыққа
бағынбауды мойындамайтын еркөкiректiк болашақта халықты қандай
апатқа әкелетiнiн, әрине, ол сезiне алмады: айнала қоршаған әлеуметтiк
ахуал оны мүмкiн қылмады.
Ел-жұрт үшiн
ерлiк жасағанын мақтаныш етiп, өз өмiрiнiң әрбiр
күнiне қанағат етедi:
«Тоғай, тоғай, тоғай су. Тоғай қондым өкiнбен,
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкiнбен. Бүгiн-соңды өкiнбен,
Ер Мамайдың алдында Шахид кештiм, өкiнбен».
Жыраудың ойынша, әңгiме бұл өтпелi фәниде ұзақ та солғын өмiр
кешуде емес, оны мазмұнды өткiзуде. Яғни ол, – қазiргi тiлмен айтсақ,
Достарыңызбен бөлісу: