Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет266/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   521
әлеуметтiк болмыс
жөнiндегi көзқарастарына 
келер болсақ, оның 
«географиялық детерминизм»
бағытын ұстағанын 
байқаймыз. Қоғамның дамуына айнала қоршаған ортаның жазықтығы, 
я болмаса тау-тастығы, ауа райы, жер құнарлылығы т.с.с. факторлар 
жатады. Сондықтан шегi жоқ жазық дала мал баққан көшпендiнiң 
енжарлығын, ерiншектiгiн т.с.с. қасиеттерiн қалыптастырса, тау мен 
тасқа толы, сарқырап аққан қаһарлы өзен-сулары бар, неше түрлi 
қауіпке толы аймақтар, керiсiнше, адамның жинақтылығын талап 
етедi. Мұндай көзқарас Батыс Еуропадағы француз ағартушыларының 
ойларына сай келедi: мұның өзi ойшылдың тек орыс ғалымдарымен 
ғана емес, сонымен қатар Батыс философиясымен де таныс болғанын 
дәлелдей келе, оның өз заманының ой-өрiсiнен қалмағанын көрсетедi.
Олай болмақ түгiл, ол бүгiнгi таңдағы мәселелердi тереңiрек 
түсiнуге көмектеседi. Мысалы, реформалардың басында ауыл 
шаруашылығындағы iрi ұжымдық мекемелердi жойып, олардың 
орнына жеке шаруашылық қожалықтарын орнату саясаты жүргiзiлдi. 
Әрине, мұндай саясатта елдiң географиялық ерекшелiктерi ескерiлген 
жоқ. Қазақстан АҚШ, я болмаса Бразилия немесе Франция емес. Ендi 
бүгiнгi таңда ғана бiз жiберген қателiктерiмiздi байқап, талдап жатыр-
мыз. Сонау көне заманнан бастап Жаңа дәуiрге дейiн, елдiң сайын дала-
сында тек қана көшпендi мал шаруашылығы ең тиiмдi шаруашылық 
формасы болғанын Шоқаннан кейiнгi бiзге де мойындауға тура келедi. 
Тек қана индустриялық-машиналық өндiрiс пайда болып, өндiргiш 
күштер зор даму қарқынын алған кезден бастап қана, солтүстiк және 
орталық өңiрлерде жерге тұрақтану мүмкiншiлiгi пайда болып, сол кез-
ден бастап қазақ жерлерiне басқа мемлекеттердiң «қызығушылығы» 
арта бастады.
Шоқан Уәлихановтың 
әлеуметтiк-саяси, құқықтық
көзқараста-
рына келер болсақ, ойшыл жан-тәнiмен халықтың қамын ойлап, 
«әдiлеттi басқару» жүйесi арқылы «парасатты реформалардың» 
негiзiнде халықтың хал-ахуалын өзгертуге болатынына сендi және 
оны жақындату үшiн барлық күш-жiгерiн салды. Ол 1862 ж. Атба-
сар аймағының сұлтан-басқарушы лауазымын жеңiп алу үшiн 
сайлауға түсiп жеңгенмен, патша үкiметi оны бұл орынға бекiтпей 


300
қойды. Одан кейiн Шоқан «Сот реформалары жөнiндегi жазбалар» 
атты өзiнiң ғылыми еңбегiн жазады. Осы кездегi Ресей мемлекетiнде 
буржуазиялық-демократиялық реформалар қомақты орын алып жүрiп 
жатқанымен, «азиаттық озбырлық», пара алу, заңды бұзу, қарапайым 
адамның ар-намысын аяққа басу т.с.с. кертартпалықтар бұрынғыдай 
болып жатты. Сондықтан Шоқан Ресей мемлекетiнiң құқықтығына 
зор күмән келтiредi. «Құқықтық мемлекетте заңдардың үстемдiгi 
әрқашанда сақталуы қажет, оны ешкiмнiң де аттап өтуiне құқы жоқ. 
Заңдар бұзылған жағдайда жаза әдiл сот арқылы берiлуi керек», – деп 
қорытады ойшыл.
Шоқан патша өкiметiнiң Ресей сот институтын өзгертпеген, 
бейiмделмеген түрде қазақ қоғамының өмiрiне енгiзуiне үзiлдi-кесiлдi 
қарсы шығып, оның негiзсiздiгiн көрсетедi. Ресей заңдары қазақ 
қоғамындағы әлеуметтiк қатынастардың ерекшелiктерiн, халықтың 
тарихи қалыптасқан құқықтық көзқарастарын ескермейдi. Шоқанның 
ойынша, таяу болашақта қазақ даласында үйреншiктi, халық алдында 
абыройы бар билер сотын қалдыра тұру қажет.
Ш.Уәлиханов қазақ халқының 
рухани өмiрiн
зерттеуге де 
қомақты үлес қосты. Оның даналығы – болашақтағы халықтың 
рухани жаңаруындағы тарихи қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жет-
кен жыр-дастандардың, аңыздардың, т.с.с. халық туындыларының 
маңыздылығын ұғып, олардың әртүрлi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет