Серік Мырзалы философия оқу құралы


дiннiң шеңберiндегi философиялық антропология



Pdf көрінісі
бет269/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   521
дiннiң шеңберiндегi философиялық антропология
деп бағалауға 
болатын сияқты. 
Жаратқан, Дүние, Адам
– мiне, осы үш санат Абай 
философиясының iргетасын құрайды. Абай өз философиясының 
осы негiздерiн өзiнiң 38-шi қара сөзiнде егжей-тегжейлі талдайды. 
Дүние Жаратқанның 
құдiреттi
күшi арқылы пайда болып, өмiр сүрiп 
жатыр және онда белгiлi бiр заңдылықтар, мақсатқа лайықтылық 
бар, соңғылардың негiзi 
Ғылымда
. Жаратқанның үшiншi сипаты – 
Хаят
, яғни 
Тiршiлiк
(қараңыз: Абай. Алматы. Ел.,1993, 84 б.). Мұның 
сыртында Абай тағы Алланың бес сипатын көрсетедi, бiрақ олар 
жоғарыда көрсетiлген негiзгi үш сипатты нақтылайтын, түсiндiретiн 
құндылықтар. Олар: 
Басар (қырағылық), Сәмiг (сергектiк), Ирада 
(қалау), Кәлам (сөз), Тәкин (жасампаздық, болмысқа келтiрушi)
.
Ендi Абайдың 
философиялық антропологиясына
келер болсақ, 
жаратылған 
адамның ақыл-ойы, күш-қуаты
бар, ал ол – 
Алланың 
ғылыми құдiреттiлiгiнен
шығатын қасиеттер. Бұл арада ұлы Абай 
рақымшылыққа
аса көп көңiл бөледi. Ол да – Алланың сегіз сипатына 
кiрмесе де, Оның негiзгi қасиеттерiнiң бiрi, себебi оның аттары Рахман 
(Жарылқаушы), Рахим (Мейiрiмдi), Ғафур (Кешiрушi), Уадуд (Сүюшi), 
Хафиз (Қорғаушы), Сәттар (Айыпты жабушы), Разақ (Ырыздық 
берушi), Нафиг (Пайда берушi), Уәкил (Өкiл), Латиф (Iлтипатты) – бәрi 
де рақымшылықты көрсетедi (қараңыз: Абай. Алматы., Ел., 1993, 86 б.).


303
Абай адамның ерекше пенде ретiнде жаратылғанын ескертедi: 
«Адам баласынан махшарда (о дүниеде. – С.М.) сұрау беретұғын 
қылып, жаратқандығында һәм ғадаләт, һәм махаббат бар» (аталған 
әдебиет, 87 б.). Дүниедегi өлi табиғат, тiршiлiк болсын – бәрi де адам 
үшiн жаратылған: «...Жер – мақтасын, кендiрiн, жемiсiн, кенiн, гүлдер – 
гүлiн, құстар – жүнiн, етiн, жұмыртқасын; хайуандар – етiн, сүтiн, 
күшiн, көркiн, терiсiн; сулар – балығын, балықтар – уылдырығын, хатта, 
ара балын, балауызын, құрт жiбегiн – һәммасы адам баласының пайда-
сына жасалып, ешбiрiнде бұл менiкi дерлiк бiр нәрсе жоқ, бәрi – адам 
баласына таусылмас азық» (аталған әдебиет, 88 б.), – деп қорытады ұлы 
ойшыл. Ал мұның бәрi де Алла тағаланың адамға деген сүйiспеншiлiгiн 
көрсетедi, олай болса, адам да Жаратқанды барлық жан-тәнiмен сүюі 
керек, сонда ғана ол өз өмiрiнiң мән-мағынасын табады. 
Сонымен, адам – ғарыштың өзегi, ерекше пенде. Бiрақ, соған 
қарамастан, ол – шектеулi, өлшемдi, ал Алла тағала – өлшеусiз, шексiз. 
Сондықтан «бiз Алла тағаланы өзiнiң бiлiнгенi қадар ғана бiлемiз, бол-
маса түгел бiлмекке мүмкiн емес... өлшеулi бiрлән өлшеусiздi бiлуге 
болмайды» (аталған әдебиет, 83 б.). Бiз бұл арада Абай ойының сол 
кездегi Еуропа топырағындағы ағартушылардан анағұрлым терең 
екенiн байқаймыз: әңгiме дүниенiң бәрiн қайта өзгертуде емес, ол
тәкаппарлыққа, Құдаймен теңесуге деген адам ынтасын туғызып, оны 
шайтан жолына түсiредi. Сондықтан Абай:
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бiр кiрпiш дүниеге,
Тетiгiн тап та, бар қалан!» – деген ұран тастайды.
Абай – Жаңа дәуiрдiң перзентi. Сондықтан ол Орта ғасырлардағы 
ойшылдардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет