Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет29/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   521
жай 
қарапайым өмірде
де басқа мағынада қолданылатынын атап өтуіміз 
керек. Қарапайым адамдар 
материалист
деп өмірде бардың барын 
алуға тырысатын
, байлық пен мансап іздейтін, ләззат қуатын адам-
дарды айтады. Керісінше, 
идеалист
деп өне бойы 
рухани ізденісте

өзінің мүддесінен гөрі, қоғамдық мүддені жоғары ұстаған, басқа 
адамдарға риясыз көмек беретін, өзінің ар-ұжданына кір келтірмеуге 
тырысатын адамды айтады.
Сонымен, бұл ұғымдардың екі мағыналығы толығынан бір-біріне 
сәйкес келмеуі мүмкін. Мысалы, өзінің философиялық көзқарасында 
материалистік бағыт ұстаған адам нақтылы өмір салтында идеалист 
болуы сирек емес. Керісінше, философиялық идеалистік бағыт ұстап, 
өзінің нақтылы өмірінде өзін металға (алтынға) сататын адамдар да аз 
емес, ал қазіргі заманда тіпті көбейіп келе жатыр.
Әңгіме материалист, ия болмаса идеалистік бағытта болу емес, сол 
шеңбердегі философияны 
саналы түрде игеріп
, өмірдегі 
өз орныңды 
табуда болса керек. Философиялық даналықпен қаруланған адам 
бүкіл адамзатпен бірге қазіргі рухани ізденіске атсалысып, бүгінгі 
өркениеттің тамаша жетістіктерін игеріп, сонымен бірге оның қайғылы 
да аянышты қателіктерін түзеу жолында белсенділік көрсетсе екен 
дейміз.
§ 5. Философияның негізгі мәселесі. Екінші (танымдық) жағы
Философиялық ағымдардың қайсысы болса да, келесі үлкен 
сұрақтарға жауап береді. Адам қоршаған ортаның шындығын танып-
біле ала ма, әлде біле алмай ма?
Бұл сұрақ философияның үлкен тарауларының бірі – гносеологияның 
өзегін құрайды (gnosіs – грек сөзі, тану-білу, logos – ілім). Кейде гно-


32
сеология ұғымымен қатар эпистемология деген термин қолданылады 
(epіstema – грек сөзі, білім). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет