Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет319/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   521
«шекаралық ахуал»
деген 
санатқа көп көңiл бөлiнедi. Ол – өмiр мен өлiмнiң екi арасында қалу, 
үрей мен алаңдау, түңiлу мен қынжылу, уайымдау мен қамқорлық 
т.с.с. Тек осындай адам өмiр сүруiне қауіп төнген жағдайда, оның 
жан дүниесi терең сiлкiнiске ұшырағанда, «өмiрде болу» тебiренiсiнiң 
негiзiнде ғана адам тез пiсiп-жетiлiп, өз өмiрiнiң қайталанбайтын 
ерекше қалыптасатын мән-мағынасын терең аша алады.
Экзистенциализм философиясы адамның 
ерiктiлiгiне
ерекше көңiл 
бөледi. Ерiктiлік – «қажеттiктi тану», я болмаса «табиғи дарынды 
iске асыру» емес, ол экзистенциямен, яғни өмiр сүрумен тең. Адам 
дегенiмiз – 
өзiн-өзiнен жасайтын
пенде. Ол – өзiнiң 
өзiндiк жоспар-
бағдарламасы
. Бұл дүниеде еш нәрсе адамды билей алмайды. Адамның 
себебi тек өзiнде ғана, ол өзiне – «Causa sui». Ал ерiктiлік дегенiмiздiң 
өзi – таңдау. Адам ерiктi пенде ретiнде ойына не келсе, соны iстей 
алады. Бiрақ, сонымен қатар ол өз iстерiне жауапты өзi ғана беруi 
қажет. Сондықтан Ж.-П.Сартр: «Ерiктiлік дегенiмiз – адамға артылған 
адамгершiлiктiң ауыр жүгi», – деген болатын. Адам тек өз iсiне 
ғана емес, басқаларға да жауапкершiлiктi. Ол өз-өзiн жете түсiнудiң 
арқасында басқалардың да терең сырын өзiне аша алады.
Адам экзистенциясының iргетасты ерекшелiктерiнiң бiрi – 
трансцендiлеу
, яғни өз шегiнен өтiп кету. Сонда адам өз шеңбе-
рiнен аттап өтiп, не нәрсеге жеткiсi келедi? Дiни экзистенциализм 


349
Құдайды трансценденттiкпен теңейдi. Олай болса, Құдаймен қосылуға 
ынтық болу, нағыз ерiктiліктi содан iздеу дiни трансцендiлеу болып 
есептеледi. Дiни экзистенциализмнiң көрнектi өкiлi Н.Бердяевтiң 
айтуына қарағанда, «адам – табиғи дүниедегi үзiлгендiк», екiжақты, 
қайшылық пен қайғылыққа шомылған пенде. Сондықтан оны түсiну – 
одан да жоғары тұрған Құдайды талап етедi. Ал мұның өзi адамның 
Құдайға тәуелдi пенде екендiгiн көрсетпейдi. Философия адамның 
құдайшылдығын, Құдайдың адамгершiлiгiн көрсетуi қажет. Өйткенi 
Мәсіхтің өзi адам болып туды. Құдай дегенiмiз – ол рух. Олай болса, 
тек қана рухани қарым-қатынас қана адамдардың терең мәнiн көрсетедi.
Ал атеистiк бағытқа келсек, оның өкiлдерi – Ж-П.Сартр мен А.Камю
оны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет