Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 5. Экзистенциализм философиясы



Pdf көрінісі
бет317/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   521
§ 5. Экзистенциализм философиясы
Қазiргi философиядағы ең ықпалды ағымдардың бiрi – экзистен-
циализм (existentia – латын сөзi, өмiр сүру) философиясы. Ол Батыс 
Еуропа топырағында екi дүниежүзiлiк соғыстың арасында қалыптасты. 
ХХ ғ. бiрiншi жартысында ондаған мемлекеттер қатысқан қантөгiсте 
миллиондаған қыршын жастар қаза болып, мыңдаған қалалар, зауыт-
тар мен фабрикалар, ауылдық жерлердегi үйлер қирап, адамзат тағы 
да варварлық сатыға қайта келгендей болды. Бұл трагедия ойланатын 
адамдардың санасында өзiнiң өшпес iзiн қалдырып, дүниені танып, оны 
қайта өзгертуден гөрi, сол қайғылы замандағы адамның өмiр сүруiне, 
оның қайшылықтарға толы дүние тебiренiсiне, оның өмiрiнiң мән-
мағынасын анықтауға т.с.с. сұрақтарға жете көңiл бөлiнуiне жеткізді.
Мұндай ахуал, әрине, өткен ғасырда өмiр сүрген дат философы 
С.Кьеркогердiң, немiс философы Ф.Ницшенiң, француз ойшылы 
Б.Паскальдiң, орыс жазушысы Ф.Достоевскийдiң ойларының өзектiлігiн 
көрсетiп, олардың еңбектерi экзистенциализм бағытының теориялық 
қайнар көзiне айналды.
Экзистенциализм философиясының негiзiн қалаған ойшылдарға 
Мартин Хайдеггер
(1888-1976 жж.) мен 
Карл Ясперстi
(1883-1969 жж.)
(Германия), 
Жан-Поль Сартр
(1905-1980 жж.) мен 
Альбер Камюдi
(1913-
1960 жж.) (Франция), 
Н.А.Бердяев
(1874-1948 жж.) пен 
Л.И.Шестовты
(1866-1938 жж.) (Ресей), 
Виктор Франклдi 
(1900 ж.) (Австрия), 
Хосе 
Ортега-и-Гассеттi
(1883-1955 жж.) (Испания) жатқызуға болады.
Сонымен, ХХ ғ. Еуропа цивилизациясының дағдарысы, зерде 
мен адамгершiлiк құндылықтарына деген сенбеушiлiктi тудырып, 
трагедияға толы адам мәселесiн тiкелей философиялық таразыға 
салды. Бұл саладағы анықталған ең бiрiншi жаңалық – зерденiң 
негiзiнде 
ғылым мен техника дамыған сайын
адам болмысының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет