480
болғандықтан, «қосымша құн» теориясы
өзекті мәселе деп айта
алмаймыз
.
Ал К.Маркстің ашқан екінші –
тарихты
материалистік тұрғыдан
түсіну
қағидасына келсек, қоғамтану саласында оған парапар
тұжырымдама әлі жасалған жоқ деп айтуға болатын сияқты.
Қоғам өміріндегі сан алуан байланыстар мен құбылыстардың
ішінен К.Маркс материалдық қарым-қатынастарды басымдық түрінде
бөліп алып, олардың іргелілігін көрсетеді. Оның себебі адамдардың
қарапайым да табиғи күнбе-күнгі өмір сүру
қажеттіліктерін өтеу
керектігінде жатыр. Расында да, адамдарға күнбе-күн тамақ ішу, киім
кию, баспана, т.с.с. материалдық мұқтаждықтарын өтеу керек. Олар-
сыз өмір жоқ. Ол үшін материалдық игіліктерді өндіру қажет. Оны
өндіру барысында адамдардың санасы мен еркіне тәуелсіз өндірістік
қатынастар пайда болады. Соңғы – қоғамның іргетасын құрайтын
шынайы базис болып есептеледі. Ол адамдардың санасы мен еріктеріне
тәуелсіз қалыптасады да, оның үстінде қондырма ретінде оған тәуелді
мемлекет, саяси,
құқықтық, моральдық, эстетикалық, діни т.с.с.
құбылыстар орналасады.
К.Маркстің ашқан бұл ұлы жаңалығын жете түсінудегі негізгі
қиындық – өндірістік қатынастардың адамның сана-сезіміне
тәуелсіз
қалыптасуы. Адам әрқашанда саналы пенде ретінде өмір сүреді. Адам
өзінің
отбасында, күнбе-күнгі жүріс-тұрысында басқа адамдармен
саналы қарым-қатынасқа түсіп, өндірістік қатынастарға келген кезде
«санасын үйде қалдырып кететінін» көзге елестету тіпті мүмкін емес.
Олай болса, К.Маркстің негізгі қағидасын қалайша түсінуге болады?
К.Маркстің ойынша, әрбір дүниеге келген жаңа ұрпақ бұрынғы
бабалардан қалған қоғамның материалдық өмірімен кез болады. Ол
өндіргіш күштерді (машиналар, неше түрлі жабдықтар,
байланыс
жүйелері т.с.с.) жаңа ұрпақ өз еркімен ысырып тастап, өмірді «таза бет-
тен» ары қарай жалғастыра алмайды. Ол сол материалдық игіліктерді
игеруге және өз өмір шеңберінде оны ілгері дамытуға мәжбүр болады.
Сол өндірістік қатынастарды игеруде жаңа ұрпақ
Достарыңызбен бөлісу: