476
беру жүйесінің арқауы. Олай болса, қоғам өміріндегі оның мәртебесін
көтеру, оның материалдық ахуалын
жақсарту арқылы білім беру
жүйесін шынайы дамытуға болады. Қазақстан интеллигенциясының
шығармашылық әлеуеті жеткілікті. Біздің жастар да талантты. Олай
болса, бұл саладағы саясат осы мүмкіндіктерді шындыққа айнал-
дыруға бағытталуы керек.
Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:
1. Сезімдік танымның формаларын келтіріңіз.
2. Интуиция (ішкі көкейкөз) дегеніміз не?
3. Ақиқат дегеніміз не?
4. Ақиқатқа жетудегі жаңылу
мен жалғанның айырмашылығын
көрсетіңіз.
5. Танымдағы әдістердің қызметі қандай?
6. Экспериментті кейбір кезде неге «табиғатты тергеу» дейді?
7. Санаттық синтез дегеніміз не?
8. Дедукция кеңінен қай ғылымдарда қолданылады?
9. Қазіргі ғылымдағы моральдық құндылықтар маңызы өсуінің
себебі неде?
Рефераттар тақырыптары:
1. Философиядағы таным ілімі.
2. Танымның іс-тәжірибелік табиғаты.
3. Танымдағы ақиқат мәселесі.
4. Сезімдік танымның ерекшеліктері.
5. Рационалдық танымның құрылымы.
6. Танымның жалпы әдістері.
7. Диалектика және метафизика.
8. Дерексіздіктен нақтылыққа өрлеу таным жолы.
9. Синергетика ілімінің әдістемелік мүмкіндіктері.
477
ХV тарау. Әлеуметтік философия. Қоғам болмысы
§ 1. Қоғам ұғымы
Болмыс санаттарын талдай келе, енді бүгінгі таңдағы ғылымға мәлім
ең күрделі дәрежеде ұйымдасқан
қоғам болмысына
келіп тірелдік.
Өйткені біз білетін ғарыштағы Жер бетінде өмір сүріп жатқан саналы
пенде – адамдар – бір-бірімен бірігіп,
сан-қилы қарым-қатынастарға
түсіп, қоғамды құрайды.
Қоғам ұғымының орнына көп жағдайда оған мән-мағынасы жағынан
жақын санаттар қолданылады. Сондықтан ең алдымен біз оларды
бір-бірінен айыра білуіміз қажет. «Ел» және «қоғам» санаттарын
салыстырсақ, біріншінің географиялық жағы басым. Мысалы,
қазақ
елі – Азия құрлығының ортасында, мұхиттардан алыс орналасқан ел.
«Қауым» және «қоғам» санатына келер болсақ,
біріншіге отбасы, ру,
тайпа, халық, ұлт секілді әлеуметтік ұйымдасу формалары жатады.
Ал «мемлекет» пен «қоғамды» салыстырсақ, ол мұхиттағы айсберг
сияқты: судың бетіндегі көрінетін алып мұздың кішкентай ғана бөлігі –
ол мемлекет болса, су астындағысы – қоғам. Қоғам өміріндегі сан алуан
қарым-қатынастардың ең негізгілерін ғана
мемлекет заң арқылы ретке
келтіре алады, қалғандары әдет-ғұрып, моральдық,
эстетикалық, т.б.
әлеуметтік нормалардың негізінде қалыпқа келеді.
Кең түрде алғанда,
Достарыңызбен бөлісу: