Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет50/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   521
қорқыныш сезімін
ұялату керек. Заң 
бұзған адамды жазалағанда, оны халық алдында жасау керек. Сондай 
жағдайда адамдардың өздері-ақ бір-бірін көрсете бастайды.
Фа-цзя мектебі заң мен басқару өнерін бір-бірінен айырып қарайды. 
Заңды қалай шығарып, орындату керектігін біз жоғарыда айтып кеттік. 
Ал басқару өнері ше? 
Басқару өнері елбасының жүрегінде өте терең жасырынған. Елбасы-
ның ойын оның жанындағы ешкім де білмей, сандалуы керек. Өйткені 
«Елбасының ізін аңдып, арыстандар жүр». Егер ол өзінің құпиялығын 
жоғалтса, онда арыстандар (жанында жүрген басқа лауазым иелері) оны 
жеп қояды.
Елбасы бәріне самарқаулықпен қарап, еш нәрсе жасамауы керек. 
Оның күші – ештеңені жасамауда. Сонда ғана ол өзінің жауларының 
пиғылын біледі.
Осы «Фа-цзя» мектебінің талаптарын үкіметтің саяси идеология-
сына айналдырып, Қытай императоры Цинь-Ши-Хуан өз елінде аса 
қатыгез басқару жүйесін орнатқан болатын.
Сөйтіп, Қытай халқы көбінесе моральдық жолмен тәрбиеленгенмен, 
«заңдық» басқарудың да барлық қиыншылықтарын өз басынан өткізді. 
Соңында моральдық тәрбиені заң жолымен қоғамдық қатынастарды 
ретке келтірумен ұштастырды. 
Фа-цзя мектебінде ашылған саяси технологиялар мыңдаған жылдар 
өткеннен кейін, тоталитарлық диктаторлық тәртіптер орнаған жерлерде 
кеңінен пайдаланылды.
Мысалы, Сталиннің қудалауының негізінде миллиондаған адам-
дар оның құрбаны болды. Оны біз әрқашанда өз есімізде сақтаймыз. 
Сонымен бірге көп адамдар сол құрбандарды уақытында көрсеткен, 
оларды, бір жағынан, көре алмай, екінші жағынан, біреуді көрсетіп, 
өзінің өмірін сақтап қалуға тырысқан миллиондаған адамдарды 
есімізден шығарып жібереміз. Ал бұл сұрқиялықтың өзі мемлекеттік 
репрессиялық машинаның совет адамдарының жүрегіне тіпті адамдық 
емес, «хайуандық қорқынышты» енгізгендігінен болды. Сталиннің 
елді басқару технологиясында да өзінің «құпиялығын» сақтауы, өз 


54
жанындағы мемлекеттік қызметкерлердің арасына «алауыздықты», 
өзара сенбеушілікті енгізіп, олар жөніндегі ақпарат жинау т.с.с. бәрі де 
«барлық уақыт пен халықтардың көсемінің» «фа-цзя» философиясын 
жақсы игергенін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет