Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет9/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   521
сүйіспеншілік
және 
оны уағыздауда осы дін өте биік, яғни жай адамның мүмкіншілігінің 
шеңберінен шығып кететін дәрежеге дейін көтеріледі (өздеріңнің 
жауларыңды да сүйіңдер!).
Ислам
діні де осы дүниені жаратқан бір Құдайды – Алланы, оның 
құдіретті күшін мойындайды. Бұл діннің негізгі ерекшелігі – Құранда 
жазылған қағидалар адам өмірінің барлық жағын үйлесімді түрде ретке 
келтіріп отыруға тиіс. Сондықтан ислам діні қоғамның мемлекеттік 
істеріне, саясатқа белсенді ықпал жасауға тырысады (Ауғанстан, 
Пәкістан, Иран). Ислам діні басым елдерде шариғаттың негізінде 
өмір сүретін исламдық құқықтық мемлекет орнату идеясы көптеген 
адамдардың мақсатына айналуда.
Ислам дінінің негізгі қағидасы – 
мейірімділік
, қайыршыға, кемтар 
адамдарға қол ұшын беру (садақа), зекет төлеу (адамның өз еркімен 
әлеуметтік салаға кемінде жылдық табысының 2 пайызын беріп оты-
руы), т.с.с. міндеттері бар. Бұлардың бары де ислам дінінің әлеуметтік-
демократиялық жақтарының үлкен ықпалын көрсетеді.
Үшінші әлемдік дін – 
буддизм
. Бұл діннің негізгі ерекшелі-
гі – оның этикалық-практикалық бағыттануы (ethos – грек сөзі, әдет-
ғұрып, praktіcos – грек сөзі, белсенділік, іскерлік). Бұл өмірде (бейнелен-
ген болмыс) адам зардап шегеді. Оның себебі – адамның өмірге деген 
құштарлығында, оның қызығына тоймауында. Ал зардаптан құтылу 
үшін адам бұл бейнеленген болмыстан бас тартуы керек. Ол үшін 
адам нирвана (сөну, өшу) дәрежесіне көтеріліп, бейнесіз болмысқа өтуі 
керек. Сонда ғана адам өмірдегі зардаптан құтыла алады. Дүниежүзілік 
мәдениетте мұндай өмірден бас тартуға шақыратын бірде-бір филосо-
фия жоқ сияқты.
Буддизм дінінің тартымды жақтарының бірі – 
ахимса
(зияндық 
жасамау) қағидасы, яғни өмір сүріп жатқан бүкіл тіршілікке тиіспеу, 
зорлық-зомбылық арқылы зұлымдыққа қарсы тұрмау, адамдар мен 
халықтардың арасында жеңген де, жеңілген де болмауға тиіс.
Буддизмнің бұл қағидалары бүгінгі таңдағы дүниеден ләззат іздеген, 
гедонизм (gedone – грек сөзі, рахат, ләззат) жолына түсіп, жер бетінде 
экологиялық дағдарыс туғызған қазіргі Батыс өркениетіне наразылық 
көзбен қарайтын миллиондаған адамдардың жүрегіне жақсы ұялайды.


14
ХХ ғасырда бұрынғы Кеңес Одағының шеңберінде социалистік 
қоғам құру барысында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет