Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет94/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   521
Жоқтан барды тудыру
(creatіo – лат. сөзі, жарату) яғни өз 
денесінен, я болмаса басқа сыртқы заттан емес; Ол – тек 
Құдайға ғана 
тән нәрсе.
Адамға келер болсақ, ол бірінші және екінші жол арқылы өмір 
сүреді, өз-өзін тудырып, табиғаттағы заттарды өзгертіп, өзіне лайықты 
керек нәрселерді дүниеге әкеле алады. 
Бірақ ол нағыз жаратудың не екенін білмейді, өйткені оның өзі 
жаратылған, яғни мәңгілік емес. 
Олай болса, адамдардың тудырған заттары мен Құдайдың жара-
туының арасында шексіз айырмашылық бар. Өйткені Құдай бұрын-
соңды болмаған нәрселерді дүниеге әкеледі. Бұл – Құдайдың «өлшемсіз 
сыйы», өйткені ол еш нәрсені талап етпейді, ол – оның құдіретті 
еркінің, игілігінің туындысы. 


110
«Құдай қаласы» деген еңбегінде Августин: «Біз жаратушы деп бақты 
өсіргенді, тіпті бәрін асырайтын ана-жердің өзін де айтпаймыз. Тек 
қана Құдай – барлығын жаратқан, әртүрлі жолмен өзін солар арқылы 
көрсеткен… Егер Ол болмаса, онда еш нәрсе болмас еді», – дейді. 
Дүниені жарату жолында Құдайдың ойының алатын орны ерекше. 
Августиннің айтуынша, «идеяларды мойындамау – дүние ақыл-ойсыз 
жаратылды дегенмен тең… әрбір заттың өзінің идеясы, негізі бар. Ал 
идеялардың барлығы қайда, егер Жаратушының ойында болмаса?» – 
деген сұрақпен Августин бұл мәселені қорытады.
Мәңгілік пен уақыт мәселесі
«Дүниені жаратпастан бұрын Құдай тағала не істеді?» – деген сұрақ 
Августинді үлкен ойға қалдырды. Оның берген жауабы мынандай:
«Бұл сұрақ мәнсіз, өйткені уақыт жаратылған дүниемен бірге 
берілген». 
Құдайдың өмірі – мәңгілік қазір, ол қайсыбір болашақтан басым
өйткені болашақ әрқашанда ертелі-кеш өткен шаққа айналады, ал «Сен 
болсаң, сенің бүгінің – мәңгілік», – дейді Августин. 
Ал бұл дүниедегі уақытты алатын болсақ, ол өткен, қазіргі шақтан 
және болашақтан тұрады. Өткен шақ – ол қазір жоқ, болашақ – ол әзір 
жоқ. Ал қазір егер өткен шаққа айналмаса, уақыттан мәңгілікке айна-
лар еді. 
Августиннің ойынша, уақыт – рухани өмірдің өлшемі. Адам өз 
өмірін өткенге, қазірге, болашаққа бөледі. Өткеннің қазірі – естегі 
нәрселер, қазірдің қазірі – ол ішкі сезім (іntuіtіo – лат. сөзі, қадағалап 
қараймын), болашақтың қазірі – ол бір нәрсені күту, тосу, үміттену.
Тек қана біздің жан-дүниеміз үміттенеді, еске түсіреді. Оның 
күткендерінің барлығы іс-әрекет арқылы дүниеге келіп, содан кейін 
естелікке айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет