108
Августиннің идеялары Жаратушының дүниені тудырар алдындағы
ойлары ретінде түсініледі.
Сөйтіп, Құдайда ойлау заттардан ерте, ал адамдарда заттардан кейін
жүреді. Енді, міне, біз Августиннің Құдай ұғымына тікелей жетіп
қалдық.
Құдай мәселесі
Августин христиан философиясында Құдай болмысының үш дәлел-
деуін ұсынады.
Бірінші дәлелдеуде ол дүниенің жетілгендігін ұсынады. Дүние
қаншалықты әртүрлі және өзгерісте болғанменен, ол хаос емес, онда
тәртіп, әсемдік бар. Дүние ешқандай сөзсіз-ақ бізге Жаратушыны, оның
құдіретті күшін көрсетіп тұрғандай.
Екіншіде бүкіл адамзаттың Құдайдың болмысы жөніндегі келісімі,
оны мойындауы, көнуі жатыр. «Құдайдың дүниедегі билігін, адамның
ақылы болса, аңғармайтын адам жоқ. Егер біз азмұз табиғаты бұзылған
адамдарды есептемесек, қалған бүкіл адамзат Құдайдың болмысын
мойындайды».
Үшінші дәлелдеу игіліктің баспалдақтық табиғатынан шығады. Ең
соңында біз ең жоғарғы игілікке – Құдайға келіп тірелеміз.
Расында да, дүниеде тегіс дала бар. Соқпақтар, таулар бар. Дүниеде
бір зат әсем, ал екіншісі одан да әсем, бір зат пайдалы, ал екінші зат
одан да пайдалы. Ал олардың барын салыстырып анықтау үшін, біз еш
нәрсемен салыстырылмайтын өзіне-өзі тең, таза игілікті қажет етеміз,
ол – Құдай.
Сонымен,
Достарыңызбен бөлісу: