Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет98/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   521
универсалиялар
(жалпы ұғымдар) 
жөнінде қарама-қарсы тұрған екі бағыт – 
номинализм
және 
реализм
(realіs – лат. сөзі, шындық, заттық; nomіnіs – лат. сөзі, затқа қойылған 
ат) пайда болды. 
Схоластиканың (scholastіca – лат. сөзі, оқушы, ғалым) пісіп-жетілген 
уақыты XIII-XIV ғасырларға тура келеді. Негізгі идеялар университет-
терде шыңдалады. Негізінен, бұл уақытта платонизмның негізгі идея-
лары шеттетіліп, оның орнына аристотелизм келеді. 
Схоластиканың соңында (ХV ғғ.) сенім мен ақыл-ойдың үйлесімді 
болуына күмән келтіріліп, бірте-бірте «екі ақиқат» ілімі тарала 
бастайды. 
Бүкіл схоластика шынайы өмірмен байланысы жоқ, өткен ғасыр-
лардан жеткен кітаптардағы ой-пікірлерді зерттеп, солардың ашылмаған 
сырын табуға бағытталған философия болды. Сондықтан жаңа заман 
келіп, «тәжірибелік білім» етек жайған кезде, «схоластика» деген ұғым 
теріс мағына алып, мазмұны жоқ, өмірден алшақ, бос сөз ретінде 
қаралып және бүгінгі өмірде де солай түсініледі. 
Схоластиканың алғашқы кезде қойған мәселесі универсалиялардың 
(unіversalіs – лат. сөзі, жалпы) табиғаты жөнінде болды. Бүгінгі таңда 
универсалиялар деп біз философиядағы ең жалпы ұғымдарды айтамыз. 
Универсалиялар жөніндегі ілім алғаш рет Плотиннің филосо-
фиядағы «идеялар» теориясында кездеседі. Плотиннің ойынша, 
қайсыбір жалпы ұғымға сәйкес келетін идея бар, олар нағыз болмыс – 
«идеялар әлемін» құрайды. Жердегі сезімдік заттар болмысын алсақ, 
олар көптікке жатады, жалпылық өзгеріске түсіп, бөлініп, жеке затта 
ешқашанда толығынан көрінбейді. 
Аристотель танымдағы жалпылық жеке заттардың болмысын 
бейнелейтінін айтқан болатын. Қысқаша айтқанда, универсалия мәсе-


114
лесін Ортағасырдағы философ Порфирий былайша қойды: «Тек пен түр 
өзінше өмір сүре ме, олай болса, олар дене ме, әлде денесіз бе? Егер 
тек қана ақыл-ойда болса, олар бөлек өмір сүреді, әлде олар сезімдік 
құбылыстарда ма?». 
ХI ғасырдың аяғы мен ХII ғасырдың басында бұл мәселені шешуде 
үш ағым пайда болды. Олар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет