Серік Мырзалы философия оқу құралы


Вольтер Франсуа Мари Аруэ Вольтер



Pdf көрінісі
бет171/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   521
Вольтер
Франсуа Мари Аруэ Вольтер
(1694-1778 жж.) – француз ағарту-
шыларының ұлы өкiлi. Негiзгi еңбектерi: 
«Философиялық хаттар», 
«Метафизикалық трактат», «Тарих философиясы»
т.с.с.
Вольтердiң дүниетанымдық көзқарастарының негiзiнде сол кездегi 
кеңiнен тараған деистiк материализм болды. Дүниедегi сан алуан 
материалдық заттар мен құбылыстар туралы деректердi бiз сезiмдiк 
тану арқылы аламыз. «Мен тасты сипаған кезде, оның орнын ала 
алмайтынымды өте жақсы сезiнемiн, олай болса, бұл арада кеңiстiкте 
орын алып жатқан бiр нәрсе барын түсiнемiн», – дейдi ойшыл.
Демокрит пен Эпикурдың атомистiк көзқарасын қолдап, Вольтер: 
«Дүниенiң элементтерi материалдық және олар өткiзбестей созылған 
субстанция», – деген пiкiрге келедi. Сонымен қатар И.Ньютонның 
ашқан тарту қасиетiн қолдап, оны ол материяның негiзгi қасиеттерiнiң 
бiрi және табиғаттың әлi ашылмаған сан алуан қасиеттерi бар деген 
тұжырымға келедi.
Ал ендi дүниенiң бәрi материалдық болса, онда адамның жан 
дүниесiн қалай түсiнуге болады? «Жан-дүние дегенiмiз – адамның 
ойлауға және сезiнуге деген қабiлетi. Олай болса, денеден басқа өмiр 
сүрiп жатқан жан-дүние жөнiнде менiң ешқандай түсiнiгiм жоқ», – 
деп қорытады ұлы ойшыл. Мұндай көзқарас, әрине, дiнге қарсы. 
Мәселенiң қызықтығы – сол дiнге қарсы пiкiрдi Вольтердiң дiни жол-
мен дәлелдеуге тырысуы. «Егер осы ғажап дүниенi Құдай жаратқан 
болса, онда ол материяға сезiну және ойлау қасиеттерiн бере алмайды 
деп кiм айтар екен», – деген сұрақ қояды.
Екiншiден, Вольтер сол кездегi жаратылыстану деректерiне сүйене 
отырып, адамның жан-дүние құбылыстарының оның түйсiктерi мен 
жүйесi, миымен байланысты екенiн көрсетедi.
Үшiншiден, жануарлардың да адамның дене құрылысына ұқсас 
мүшелерi бар екенiн көрсетiп, олар да дүниенi сезiнiп, бұлдыр да болса 
дүниенi тани алады, – деген пiкiрге келедi.
Өзiнiң шығармаларында Вольтер адам мәселесiне де көп көңiл 
бөлген. Адам – әлеуметтiк пенде. Ол өзiнiң ұлылығын дүниетану және 
оны қайта өзгерту жолында айқын көрсетедi. «Адамның табиғатындағы 
«өзiн сақтау», «өзiн сүю» олар адамдарды бiр-бiрiнен алыстатпай, 
керiсiнше, бiр-бiрiне жақындатып, сүюге әкелетiн ішкі түйсіктер. Адам 
жалғыздан-жалғыз өмiр сүре алмайды. Табиғи түрде пайда болатын 
еркек пен әйелдiң арасындағы байланыстар жас ұрпақтарды дүниеге 
әкелiп, қоғамды бiрiктiредi», – дейдi Вольтер.
Қоғам өзiнiң iшiнде миллиондаған адамдарды бiрiктiргеннен кейiн, 
олардың моральдық және құқықтық қарым-қатынастары саяси заңдар 


195
мен ережелер арқылы ретке келтiрiледi. Оларды адамдардың өзi туды-
рады. Оған Құдайдың еш қатынасы жоқ.
Моральдық табиғи заң – ол «өзiңе не қаласаң, басқаларға да соны 
жаса» – бүкiл адамзатқа тән нәрсе. «Сиамнан бастап Мексикаға дейiн 
шындық, қайырымдылық, достықты сыйламайтын халық жоқ». Құдай 
болмаса, адамдар ойларына не келсе, соны iстейдi, тiзгiнсiз кетедi деген 
осы уақытқа дейiн кең тараған пiкiрге қарсы шығып, Вольтер ондай 
адамдарды қоғамның өзi-ақ неше түрлi заңдар арқылы ауыздықтай 
алады деген пiкiрге келедi. Екiншiден, халық ондай адамдарға терiс 
қарайды, бұның өзi – ондай адамдарға ең күштi тiзгiн. Олай болса, әр 
адам жетiле келе, қоғам өмiрiнде өзiн таза ұстау керектiгiн, өзiнiң басқа 
адамдар алдындағы борышын бұлжытпай орындау қажеттiгiн түсiнiп 
орындайды, – деп қорытады Вольтер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет