«дүниежүзiлiк жан-дүние» , яғни
София , ал оның өзi –
Құдайдың эманациясының туындысы. Сөйтіп, Құдай, Дүние және
Адамзат Софияның дәнекерлiгi арқылы бiрлiкке негiзделген қарым-
қатынаста.
В.С.Соловьевтiң дүниетаным тұжырымдары Өзiнiң дүниетанымдық көзқарастарында В.С.Соловьев «бiртұтастық
бiлiм» алу жолын құптады. Ол үшiн сезiмдiк тәжiрибе мен рационалдық
ойлауды сенiммен ұштастыру қажет. Басқаша сөзбен айтқанда,
ақиқаттың үш түрi бар:
материалдық, формальдық, абсолюттiк .
Олар ғылым, философия, дiннiң шеңберiнде қалыптасады. Ақиқаттың
ең жоғарғы түрi – абсолюттiк бiлiмдi тек қана дiн, теология бере алады.
Оны ол
мистицизм дейдi.
Эмпиризм, яғни тәжiрибелiк жолмен ашылатын бiлiм, материалдық
дүниенi танып-бiлуге бағышталған. Рационализм өзiнiң формальдық
табиғатының арқасында барлық бiлiмдi бiрiктiретiн дәнекерлiк күшке
айналады.
В.С.Соловьев таным үдерісiнде тәжiрибеге көп көңiл бөледi. Ал оның
өзi екiге – iшкi және сыртқы тәжiрибеге бөлiнедi.
Сыртқы тәжiрибеге келер болсақ, ол айнала қоршаған ортадағы
заттардың бiздiң түйсiктерiмiзге тигiзетiн ықпалынан пайда болады.
Iшкi тәжiрибенi В.С.Соловьев екiге бөледi: олар психикалық және
мистикалық. Психикалық тәжiрибеге бiз өз табиғатымыздың бой
көрсетуiнен шығатын құбылыстарды жатқызамыз.
Мистикалық тәжiрибе деп бiздiң жан-дүниемiздiң ар жағында
жатқан, өзiнiң бiзге тигiзетiн ықпалымен бiздi жоғарыға көтеретiн, iшкi
рухани ерiктiктi тудыратын құбылысты айтамыз.
Оларды бiр-бiрiмен салыстыра келе, В.С.Соловьев бiрiншi орын-
ға – мистикалық, екiншiге – психикалық, соңына физикалық тәжiрибенi
қояды.
Әрине, логикалық дүниетанымның өз орны бар, бiрақ, ол таныла-
тын құбылыстың идеясына жете алмайды. Ол үшiн
интеллектуалдық интуиция (ой аңлауы) қажет. Дегенмен логикалық таным мен интуи-
ция бiздi болмыстың ең терең құпия сырларына жеткiзе алмайды. Ол
үшiн – шектелгеннiң ар жағына, трансцендентiкке өту – ерекше таным
қабiлетiн қажет қылады. Оны ол