Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет276/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   521
Егемен Қазақ Елi
дүниеге келедi. Соны-
мен, ғасыр трагедиямен басталса, соңында халықтың шаттыққа толы 
жарқын үмiттерiмен, оның жаңа мемлекет орнатудағы құлшынысымен 
аяқталып, ХХI ғасырға ұласады. Мiне, жоғарыдағы айтылған 
тарихи өзгерiстер мен көлемдi оқиғалар философия саласында терең 
толғауларды тудырып, отандық ой-талғамды жаңа сатыға көтередi. 


309
Ендi әңгiменi нақтылай келе, ХХ ғ. ұлы ойшылдардың философиялық 
шығармашылығына назар аударайық.
Шәкәрiм философиясы мен ағартушылық идеялары
Ұлы Абайдың туысы 
Шәкәрiм Құдайбердiұлы
(1858-1931 жж.) –
ХIХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басында өзiнiң терең де жан-жақты рухани 
еңбектерiмен тарихта қалған, қазақ руханиятында ерекше орны бар 
ұлы ойшыл-философ, тарихшы, ағартушы, ақын. Оның философиялық 
көзқарастарының қалыптасуына ағасы, тәлiм-тәрбие берушiсi – Абай-
дың ықпалы өте зор болды. Өзiнiң аса дарындылығының арқасында 
Шәкәрiм бес жасынан бастап сауатын ашып, араб, парсы, түрiк, орыс 
тiлдерiн өз бетінше оқып-бiлiп, соның нәтижесiнде Батыс және Шығыс 
философиясы, әдебиетi мен поэзиясынан сусындап, өзiне тән ерекше 
дүниеге деген көзқарасын қалыптастырды. 
Шәкәрiмнiң 
онтологиялық
көзқарастарын 
рационалдық дiни 
философияға
, нақтылай келе, 
деизм
(Құдайды Жаратушы ретiнде 
мойындағанмен, Табиғат ары қарай өз заңдылықтарының негiзiнде өмiр 
сүре бередi) бағытына жатқызуға болатын сияқты. Өзiнiң «Тiршiлiк, 
жан туралы» өлеңiнде ойшыл дүние жөнiнде былай дейдi:
«Жаралыс басы қозғалыс,
Қозғауға керек қолқабыс.
«Жан» де, мейлiң бiр «мән» де,
Сол қуатпен бол таныс.
Әлемдi сол мән таратқан,
Қозғалмаса көшпейдi,
Көшпеген нәрсе өспейдi.
Өспеген нәрсе өзгермес,
Түрден ол түрге түспейдi».
Бұл шумақтан бiз бүкiл дамудың қайнар көзi қозғалыста екенiн, 
ол жоқ жерде өсiп-өнудiң де жоқ екенiн байқаймыз. Бiрақ ойшыл 
сол қозғалыстың өзi бiр қуаттың арқасында болатынын айтады. Бұл 
жерде ерiксiз ХХ ғ. өмiр сүрген әйгiлi француз дiни философы Теяр 
де Шарденнiң дүниенiң негiзiндегi «тангенциалдық» (физикалық) 
және «радиалдық» (психикалық) энергиялар жөнiндегi ойлары есiмiзге 
түседi, өйткені Шәкәрiмнiң көзқарасы оған өте жақын. Ары қарай:
«Құс, балық, шаян, көп алуан,
Айуаннан өсiп болдық адам.
Кейiмiз естi, кейiмiз надан,
Жаралыс салған сондай мән». 
Ақынның бұл өлең жолдарынан бiз адамның өзi табиғаттың төл 
туындысы екенiн байқаймыз, яғни ол бұл мәселеге жаратылыстану 
тұрғысынан қараған екен.


310
«Жанымыз – Күннен келген нұрдан,
Тәнiмiз – топырақ пенен судан.
Күн – атам, анық жер – анам,
Бiрi нұр берiп, бiрi – тамақ,
Бұзады бiрақ қайтадан.
Ер жетем, толам, қайта солам,
Әрi анам – бұл жер, әрi – молам...».
Қандай ғажап ойлар! Күннiң сәулесiнiң арқасында жер бетiнде 
тiршiлiк дүниеге келдi емес пе? Бұл шумақтан бiз Шәкәрiмнiң тiптi 
деизмнен гөрi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет