334
§ 2. Феноменология
Дүниетаным мәселелерiмен айналысқан ХХ ғ. келесi ағым – фено-
менология. Негiзiн қалаған –
Эдмунд Гуссерль
(1859-1938 жж.).
Ойшыл өзiнiң еңбектерiнде
«Заттардың өзiне қарай!»
деген ұран
тастады, өйткенi сол кездегi И.Канттың
iзбасарлары ғылыми таным
жолында шындықты ұғымдар арқылы құруға болады деген көзқараста
болды. Екiншi жағынан, ол неопозитивистердiң шындықтың сезiмдiк
деректердiң негiзiнде «тiкелей берiлгенi»
жөнiндегi қағидасына қарсы
бағытталған болатын.
Өз заманындағы таным теорияларын сынға алғанда Э.Гуссерль тағы
да келесi екi ұғымды бiр-бiрiне қарсы қояды. Олар
бiлiм
мен
пiкiр
.
Еуропалық мәдениеттiң дағдарысы – осы ұғымдардың айырмашылығын
елемегенiнде. Пiкiр дегенiмiз – бұлдыр, айқын емес бiлiм, жеке мүдденiң
шеңберiмен шектелген таным. Оған ол қарсы ұғым ретiнде «теория»
деген грек сөзiн қояды, ал оның алғашқы мағынасы – бимүдделi аңлау.
«Тек қана теорияға бағышталған философия дүниенiң универсалдық
көкжиегiн көре алады», – деп қорытады Э. Гуссерль.
Ойшылдың өз алдына қойған негiзгi мақсаты – сананы тазарту,
оның
адамзат тәжiрибесi, тарихи үдерістен тыс өмiр сүретiн алғашқы
құрылымын анықтау болып табылады. Гуссерльдiң феноменi – ол
бұрынғы классикалық философиядағы басқа терең жатқанды көрсететiн
сезiмдiк тәжiрибе арқылы берiлетiн құбылыс емес, ол –
өз-өзiн аша-
тын, табатын, тiкелей санаға айқын көрiнетiннiң бәрi. Феноменология –
айқындығы тiкелей интуиция арқылы көрiнетiн идеалдық мән-
мағынаны зерттейтiн iлiм. Санадағы феномендер адамға тiл арқылы
берiледi. Сонымен қатар оған адамның жан дүниесiндегi тебiренiстер,
сана арқылы ойланатын заттың мән-мағынасы т.с.с. бәрi де жатады.
Таза сананың iргетасты ерекшелiгi – оның
Достарыңызбен бөлісу: