Сеид Хусейн Наср
ислам цивилизация-
сының нышаны ретiнде өзеннiң ағысы емес, Кағбадағы алты қырлы
тасты көрсетедi. Яғни ислам қоғамы өне бойы өзгерiсте емес, ол тұрақты
да бiрқалыпты. Алайда Батыста тараған «исламның тұрақтылығы iрiп-
шiрумен тең» деген пiкiрге ол үзiлдi-кесiлдi қарсы шығады.
Екiншi ерекшелiк – Құдай, ғарыш және адамның бiрлiгi мен
өзара байланысын мойындау болып табылады. Оның үлгiсi ретiнде
табиғаттағы заттардың бiрлiгi мен өзара байланысын алуға болады.
360
Үшiншi ерекшелiк – исламның тазалығы, Мұхаммед пайғамбардың
аяндарының қатаң сақталуы.
Соңғы өте маңызды ерекшелiк – исламның «Алладан басқа Құдай
жоқ, Мұхаммед – Оның пайғамбары» деген өзектi қағидасы.
Исламның негiзгi қағидаларына тоқтала келе, С.Х.Наср: «Құран
дегенiмiз – сөзбен, нышандармен берiлген табиғаттың сыры», – деген
пiкiрге келедi.
Адам мәселесiн талдай келе, өзiнiң «Бiлiм және киелiлiк» деген
еңбегiнде С.Х.Наср
«архирейлiк»
және
«прометейлiк»
адамдарды бiр-
бiрiмен салыстырады. Архирейлiк адам – жер мен аспан арасындағы
көпiр, ол Құдай алдында жердегi iстерiне жауап беруге тиiстi. Ол
кеңiстiк пен уақыттың шеңберiнде шектелгенмен, негiзiнен алғанда,
құдіретті рухани күш.
Ал прометейлiк адамға келер болсақ, ол – жердегi дүниенiң туын-
дысы, оның негiзгi қамы – Құдайды ұмыт қылу. Киелiлiк сезiмдi
жоғалтып, ол өз табиғатының ындынының құлына айналады. Ол – өз
қажеттiліктерiн өтеймiн деп табиғатты ойрандатады, ең жоғарғы қазiргi
технологиялар оның тәкаппарлығын одан сайын өсiредi. Прометейлiк
адам тарихи Қайта өрлеу заманында дүниеге келедi. Оқтын-оқтын ол
өз өмiрiне қанағаттанбай, киелiлiктi аңсайды, бiрақ оның бұрмаланған
табиғаты оған оны жеткiзе алмайды. «Сондықтан Батыс елдерiндегi
iшiмдiктiң, нашақорлықтың т.с.с. терiс нәрселердiң түп-тамыры осы
киелiлiктi жоғалтудан пайда болды», – деген пiкiрге келеді С.Х.Наср.
Ф.Ницшенiң «Құдай өлдi» дегенi прометейлiк адамның рухани өлiмiн
көрсетедi.
Екiншi Иран философы
Али Шари-ати
: «Ислам бiрiншi болып
халықтың тарихтағы, қоғам өмiрiндегi шешушi рөлiн көрсеттi», – деген
пiкiрге келедi.
Ал ендi оның адам мәселесiне деген көзқарасын алып қарасақ,
бiрiншiден, адам табиғат пен табиғаттан жоғары пенделерге қарағанда
бiрiншi орын алады, өйткенi:
– оның өзiндiк санасы мен iзгiлiгi бар;
– екiншiден, оның өзiндiк дербес ырқы, еркi мен таңдауы бар;
– үшiншiден, ол саналы пенде, ол – оның ең құнды қасиетi;
– төртiншiден, ол – жасампаз пенде;
– бесiншiден, адам мұратқа табынады;
– алтыншыдан, адам – моральдық ар-ұжданы бар пенде. Бiрақ тек
қана өзiнiң Құдайға деген махаббатының арқасында ол өзiнiң биiк
дәрежесi мен жетiлуiне мүмкiндiк алады, яғни адам мұратқа сай
дәрежеге көтерiледi.
А.Шари-Атидiң ойынша, мінсіз адамның үш жағы бар. Олар: ақиқат,
iзгiлiк, әсемдiк, басқаша сөзбен айтқанда – дүниетану, этика, өнер.
361
«Құдайдың ырқының негiзiнде адам табиғат жұмағынан, өзiн оятатын
шөлге түстi», – деп қорытады ойшыл.
Ал ендi мәселенi нақтылай түсiп, ХХ ғ. Шығыс елдерiнiң ұлы
ойшылдарына келер болсақ, онда үндiлік дiни философ
Достарыңызбен бөлісу: |