358
ыдыраудың нышандары. Сондықтан тезiрек Батыс құндылықтарын
өмiрге енгiзiп, қабылдау қажет. Сонда
ғана Шығыс елдерi дәуiрдiң
қойған талаптарына сай келiп, «жалпыадамзат цивилизациясына»
қосылады. Ал соңғыны олар Батыстың жетiстiктерiмен теңестiредi.
Ал дiн мәселесiнде олар оны «әр
адамның ар-ұжданының iсi,
таңдауы» деген пiкiрде. Қазiргi уақытта дiн мемлекеттен бөлiнуi керек.
Бiлiм беру саласында жастарға «ағарған тәлiм-тәрбие беру қажет».
Осының негiзiнде қазiргi ғылым мен техниканың жетiстiктерiн игерiп,
өмiрде кеңiнен қолдануға мүмкiндiк алуымыз керек деген пiкiр тараты-
лады.
3.
«Прогрессистер»
ағымындағы ойшылдар Шығыс елдерi
бұрынғыдай өмiр сүре
алмайтынына көздерi жетiп,
өзгерiс, жаңару,
реформаларды
қолдайды. Ол үшiн Батыс қоғамында пайда болған
көп
жетiстiктер кеңiнен
таратылып
, қолданылуы қажет. Ол әсiресе
экономика саласында керек-ақ. Бiрақ,
сонымен қатар ұлттық рухани
құндылықтар жаңа өмiрге бейiмделiп
сақталуы
қажет.
Олай болса,
оларды бiр-бiрiмен
ұштастыру
керек. Сонымен қатар, олардың ойынша,
дiни құндылықтарды жаңа өмiрге сай етiп өзгерту қажет. Құдайға арнап
құрбандық шалудан бас тартып, оны тек сүйiспеншiлiктiң
негiзiнде
сыйлау қажеттiгiн көрсеткiлерi келедi. Қазiргi өмiрдiң ағымына бес рет
намаз оқу салты да сай келмейдi. Араб тiлiн меңгермеген көп елдерде
халық Құранның мазмұнын бiле бермейдi, сондықтан бұл құжат басқа
тiлдерге аударылып, намаз халықтардың өз тiлiнде өтуi қажет т.с.с.
Шығыс елдерiндегi мыңдаған
жылдар iшiндегi философия
саласындағы қалыптасқан дәстүр – ол
Достарыңызбен бөлісу: