Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет332/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   521
Свами Виве-
кананданы
келтiруге болар едi. Оның ойынша, егер «Азияның дауысы 
әрқашанда 
дiннiң
дауысы болса, Еуропа дауысы – 
саясаттың
дауысы». 
Еуропа цивилизациясының түп-тамыры көне гректерге кетедi. Олар 
тек қана айнала қоршаған ортаны жақсартуды ойлаған, сыртқы өмiрдi 
басым ұстап, армандауды елемеген. Ал Азияны алсақ, Шығыс фило-
софиясы адамның iшкi рухани өмiрiн талдауға бағытталған. Мiне, 
Шығыс ой-өрiсiнiң артықшылығы осында, өйткенi «көз алдымыздағы 
қазiргi
өтпелi сағым, ол, шынына келгенде, 
ештеңе
», сондықтан 
Шығыс ойы оны тесiп өтiп, одан арады жатқан, өзгермейтiн, өлмейтiн, 
бұл дүниедегi өлiм мен бақытсыздықтың ар жағындағы өлместiк пен 
құдiреттi 
бiрдеңенi
көргiсi келедi. «Шығыс данасы бұл мұраттан 
ешқашанда бас тартпайды», – деп қорытады С.Вивекананда. Оның 
ойынша, Иса Мәсіхтің өзi – нағыз Шығыс пайғамбары, өйткенi ол 
сыртқы дүниеге байланбаған болатын.
Адамның Құдайға бағытталған өмiр жолы, негiзiнен, үш сатыдан 
тұрады. Алғашында, адам Құдайды аспандағы 
қатал құдiреттi күш
ретiнде қабылдайды. Келесi сатыда, өзiнiң рухани деңгейi өскен сайын, 
ол Құдайдың 
барлық жерде
екенiн сезiнедi. Ең соңғы сатысында 
адам Құдайды 
өз iшiнен
тауып, Құдай мен ол 
бiр екенiн
аңғарады. 
С.Вивекананданың ойынша, барлық дүниедегi дiндердiң негiзгi 
ақиқаты, мiне, – осы. Олай болса, дүние жүзiндегi дiндердi бiр-бiрiне 
қарсы қоймау керек
.
С.Вивекананда дiн мен ғылымның үйлесiмдi дамуын көрсе-
тедi. «Бүгiнгi таңда ғылым ғарыштың бiртұтастығын дәлелдедi. 
Метафизиктiң (яғни философтың) «болмысын» физик «материя» дейдi. 
Шынына келгенде, осы екi ұғым – бiр ұғым. «Атом» мен «атманды» 
алсақ, оларда бүкiл ғарыштың әлеуетті күш-қуаты берiлген. Олай 
болса, қазiргi ғылым мен Веданта (үндi дiни құжаты) өз-өзi арқылы 
дамып жатқан алғашқы себептi мойындайды.
Егер ғылым неше түрлi деректердi жинап, зерттейтiн болса, мета-
физика оларды жалпылап, бiр арнаға құяды. Ал дiнге келер болсақ, 
оның күшi нақтылы деректер мен жалпылықты қамтып, бiртұтас етiп 
қарайды. Олай болса, бұл үш рух туындылары бiр-бiрiн толықтырып 
отырады. Дегенмен олардың iшiнде дiннiң басымдылығын көрсеткен 
жөн. Тек дiн ғана ең биiк рухани ләззат әкелмек.
Адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынасы үш түрге бөлiнедi. 
Бiрiншi түрi – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет