Серік Мырзалы философия оқу құралы


синергетика ілімі осы қайшылықты шешеді



Pdf көрінісі
бет397/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   521
синергетика ілімі осы қайшылықты шешеді
.
Синергетика ғылымы 
хаостың жасампаздық бастамасын
, эволю-
циялық үдерістегі конструктивтік, тәртіпті тудыру мүмкіндігін 
көрсетеді. Бір жағынан, дүниеде ыдырау, шашылу, тарау үдерістері 
жүріп жатса, екінші жағынан, күрделену, тәртіпке келу, дамуды 
байқауға болады. 
Енді өзгеру, даму заңдылықтарына келер болсақ, ол дүниедегі 
барлық заттар мен құбылыстарға (өлі, тірі табиғатқа, қоғам өміріне, 
ой өрісі дамуына) ортақ болып шықты. Синергетика ілімі бойынша, 
даму барысындағы ашық та тепе-теңдікте емес жүйе алғашында бірте-
бірте күрделене және тәртіптеле түсіп, ақырында өзінің бейтұрақтық 
бифуркациялық (әртараптық) нүктесіне келіп тіреледі де, оның 
алдында, іс жүзінде ары қарай тұрақты дамудың сан қилы жолдары 
ашылады. Жүйенің қай жолға түсетіні белгісіз, тек оны анықтайтын – 
«Ұлы Мәртебелі Кездейсоқтық»
. Ол – даму механизмінің қажетті 
кілті. Сонымен, бұл теорияның «ақылға сыймайтын» ғажап жағы – 
кездейсоқтықтың дамудағы ерекше рөлі. Шексіз кездейсоқтықтардың 
біреуі «таңдалғаннан» кейін, жүйе жаңа тұрақты даму барысына (келесі 
бифуркациялық нүктеге дейін) көшеді.


469
Әңгіменің қиындығы мынада. Мұндай жүйенің ары қарайғы даму 
жолын алдын ала анықтау тіпті де мүмкін емес. Әрине, компьютерлік 
бағдарламалар арқылы біршама даму жолдарын анықтауға болады. 
Дегенмен де жүйенің қай жолмен ілгері дамитыны әрқашанда белгісіз 
болып қала береді. Сөйтіп, даму барысындағы көптінділік мойындалды 
да, бұрынғы классикалық біртінділік даму заңдылықтары (заттың 
дамуының бастауын, қазіргі ахуалын зерттеп, болашақта не болатынын 
болжау) сирек кездесетін құбылысқа айналды.
Синергетика іліміндегі 
флуктуация
(болар-болмас нәрсенің бейнақ-
тылық дәрежеге көтерілген үлкен күрделі жүйені жаңа даму жолына 
түсіріп жіберу мүмкіндігі) ұғымының қоғамтануда, саясаттағы рөлі зор. 
Қоғам өміріндегі даму үдерістері бифуркациялық нүктеге жақындаған 
кезде, қайсыбір кездейсоқ оқиға, тіпті жеке адамның іс-әрекеті, 
ойламаған жерде үлкен әлеуметтік дүмпулерге әкелуі мүмкін.
Сонымен, синергетика философиялық-әдістемелік дәрежеге көтеріл-
ген соңғы жылдардағы теория десек, қателеспейтін болармыз. Осы 
теорияның арқасында біршама диалектикалық санаттар: мүмкіндік 
пен шындық, кездейсоқтық, біртінділік пен көптінділік, ақпарат, 
қайшылық, себептік т.с.с. өздерінің жаңа жақтарымен көрініп, ғылымда 
басқаша елеулі мағынада қолданыла бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет