Серік Мырзалы философия оқу құралы


Ортағасырдағы алғашқы діни философтар



Pdf көрінісі
бет88/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   521
Ортағасырдағы алғашқы діни философтар
Александриядан шыққан 
Филон
(І ғасырда өмір сүрген) грек 
философиясындағы кейбір ұғымдарды христиан дінінде пайдаланып, 
христиандық діни философияның негізін қалайды. 
Филонның айтуынша, Библияны екі түрде оқуға болады: бірінші – 
ондағы жазылғанды тікелей түсіну; екінші – ондағы сөздермен көмке-
рілген астыртын жатқан метафизикалық, моральдық, рухани мән-
мағынаны ашу. 
Ол ақиқаттарға жету үшін адам жан дүниесі ерекше жағдайда 
болуы керек. Филон грек философиясына беймәлім «Жарату» ұғымын 
кіргізеді. Құдай дүниені жоқтан жаратты. Бірақ материалдық дүниеден 
ерте ол «интеллигибелдік дүниені», яғни «идеялар әлемін» тудырды. 
Оны ол гректердің «Логос» ұғымы арқылы береді. Сөйтіп, Логос – 
Құдайдың ойы, сөзі, сол арқылы дүние өмірге келеді.
Филонның айтуынша, Құдайдың екі әлеуеті бар: біріншісі – 
жаратушылық, екіншісі – басқарушылық (жаратылған дүниені). 
Адам мәселесін де Филон жаңаша көзбен қарайды. Ол адамның 
хайуандық жағы – дене; 2 – жан, ақыл-ой; 3 – рух – Құдайдан пайда 
болған. Олай болса, адамның жаны табиғаттан шыққаннан кейін құрып 


103
кетуі де ғажап емес. Бірақ ол рухпен бірге өмір сүрсе, онда өлместік 
дәрежесіне көтерілуі мүмкін.
Сондықтан адам ғарышты танудан гөрі, ең алдымен өзінің ішкі 
өмірін тануға тырысуы керек. Адам өзін танып-біліп, сыртқа серпіліс 
жасаған кезде, өзінің толығынан бишара екендігін мойындайды. Тек 
қана өзінің пенделілігінен өтіп, жаратылмаған мәңгілік Құдаймен 
байланысқа түссе ғана масайрайды. 
Гностиктер ілімі
«Гносис» деген грек сөзі «тану-білу» мағынасын береді. Алайда бұл 
сөзбен біздің дәуірдің басында өмір сүрген, ақыл-оймен танудан гөрі, 
мистикалық, (құпия) жолмен дүниенің сырын ашуға болатынына сен-
ген діни сектаны айтамыз. 
Гностикалық ағым Құдайды және адамды құтқаруға арналған. Оған 
мынандай сұрақтар кіреді:
1. Біз кім едік, енді не болдық?
2. Біз қайда болып едік, енді қайда қуылдық?
3. Енді қайда болғымыз, неден құтылғымыз келеді? 
4. Туу және қайта туу дегеніміз не?
Гностикалық тәжірибеде қамығу мен алаңдау арқылы сананың 
астары ашылып, сонда игілік пен зұлымдықтың бір-бірімен ымыра-
ласпайтыны анықталады. Адам өзінің табиғаты бойынша игілікке 
жаратылған. Өйткені ол зұлымдықтан зардап шегеді, одан аулақ жүргісі 
келеді. Ал бұның өзі адамның басқа дүниеден шыққанын және сол 
дүниеге қайтып оралуы керек екенін көрсетеді. 
Ол үшін адам өз-өзін терең танып-білуі керек. Бұл қайта оралуда 
Құтқарушы – Иса пайғамбар көмектеседі. 
Гностиктер адамдарды үшке бөледі: 
1. пневматикалық адамдар, олардың рухы басым; (pnevma – грек 
сөзі, алғашқыда – тыныс, соңында – рух);
2. психикалық адамдар, олардың жаны – псюхе басым (psyche – грек 
сөзі, жан);
3. гиликалық адамдар (gіle – грек сөзі, материя, зат) дене қажет-
тіктері басым. 
Соңғылар өмірін өліммен бітіреді, біріншілер құтқарылады; 
екіншілер біріншілердің жолын қуса, құтқарылуы мүмкін, бірақ 
үшіншілердің ізімен жүрсе, дүниеден мәңгі кетеді.
Гносиктердің айтуынша, бұл дүние зұлымдыққа толы, сондықтан 
оны Құдай жаратқан жоқ. Оны жаратқан – Құдайға қарсы, арам
пиғылды Демиург. 


104
Олар гностикалық ілім – Иса Мәсіхтің өзінің ең жақын оқушыларына 
ашқан аяны, ол «Ізгі Хабардан» (Евангелие) бөлек деген пікір айтқан. 
Әрине, мұндай гностикалық көзқарастар әлі христиан дінінің фило-
софиясы күш ала алмай, сонымен қатар ескі грек ілімдері, рухы әлі 
біршама өзінің рухани өмірге әсерін тигізіп жатқан кезде пайда болса 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет