Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет90/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   521
киелі 
Августин.
Ол 354 ж. Тагаст қаласында (Африка) дүниеге келеді.
19 жасқа келгенде Августин манихейлік дінді қабылдайды. Бұл 
діннің негізін қалаған – парсылық Мани (ІІІ ғ.). Ол өз ілімінің қайнар 
көзі Зороастра, Будда және Иса Мәсіх деп есептеген. 
Манихейлік ілім дүниеде екі бір-біріне қарсы тұрған негіз бар дейді. 
Олар күн мен түн, игілік пен зұлымдық.
Алғашқы уақытта олар бір-бірінен бөлек өмір сүреді. Екінші дәуірде 
зұлымдық (материя) сәуле әлеміне кіріп, екі негіз бір-біріне араласып 
кетеді. 
Уақыттың үшінші сатысында сәуле мен түнектің өзара күресі ізгі-
ліктің жеңісіне әкеліп, материяның қалдықтары дүниежүзілік өртте 
құриды. 
Адамға келер болсақ, ол – түнектің туындысы. Оның денесі жанды 
(сәуледен шыққан) өз ішінен жібермей тұтқындап тұр. Иса пайғамбар 
осы адамдардың жанын құтқару үшін жіберілген. 
Күнә мәселесіне келер болсақ, манихейліктер ол адамның еркінің 
ауытқуынан емес, дүниенің екінші түнек жағының адамның жан 
дүниесіне кіруінен шығады дейді. 


106
10 жылдан кейін Августин манихейлік дінді тастап, көп ізденіс, зар-
дап шегіп, ақырында, христиан дінін қабылдап, өмірінің соңында осы 
діннің үлкен тұлғасына айналады. 
Августиннің негізгі философиялық еңбектері: «Құдай қаласы 
жөнінде», «Сыр шегу», «Академиктерге қарсы», «Жанның өлместігі» 
т.с.с. 
Августиннің шығармашылық жолында оның христиан дініне өтуі 
және оны бүкіл жүрегімен, жан-тәнімен қабылдауы үлкен із қалдырды. 
Егер жас кезінде ол ақыл-оймен дүниені тану – ең биік жетістік, ал 
диалектика – ойлаудың ең негізгі құралы деп есептесе, христиан дініне 
өтіп, оны іштей қабылдағаннан кейін, оның философиясында негізгі 
орынды Құдайға сену алады. Сенімнің арқасында пайда болатын «ішкі 
сәуле» анағұрлым биік санала бастайды. 
Бірақ, Августиннің ойынша, сенім ақыл-оймен қайшылыққа 
келмеуі керек. ІІ ғасырда өмір сүрген Тертуллианның: «Сенемін, 
өйткені абсурдты» (credo guіa absurdum), яғни ақыл-ойға сыймайды
қарсы келеді», – деген пікірін Августин қабылдамайды. Керісінше, ой 
елегінен өткізілмеген сенім – сенім болмайды. Ақыл-ой арқылы адам 
өзінің Құдайға деген сенімін ары қарай нығайтуы керек. Сөйтіп, сенім 
мен ақыл-ой, зерде бірін-бірі толықтырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет