Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 5. Г.В.Лейбниц және оның монадологиясы



Pdf көрінісі
бет120/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   422
Байланысты:
2 (1)

§ 5. Г.В.Лейбниц және оның монадологиясы
Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716 жж.) – ХVII ғасырдағы 
немiс рухы туғызған терең де жан-жақты дамыған ғалым-философ. 
Екiншi жағынан, ол – математик, физик, саясаткер, тарихшы, 
құқықтанушы. Лейпциг университетiн бiтiрген. Онда ол құқықтанумен 
қатар, логика және математика пәндерiмен айналысқан. Университеттi 
бiтiргеннен кейiн, екi ғылым саласынан (логика мен құқықтанудан) 
докторлық диссертация қорғайды. Аз уақыт дипломатиялық қызметте 
Париж қаласында болып, Германияға қайтып келгеннен кейiн, өмiрiнiң 
аяғына дейiн ғылыми жұмыстармен айналысқан.
Негiзгi еңбектерi: «Адам зердесi туралы жаңа тәжiрибелер», «Тео-
дицея», «Монадология» т.с.с.


174
Онтологиялық мәселелер
Лейбницті алдында өткен философтардың (Декарт, Спиноза) бол-
мыс жөнiндегi iлiмдерi қанағаттындырмайды. Расында да, Декарттың 
бiр-бiрiне тәуелсiз екi субстанциясы дүниенi қақ бөлiп, олардың 
бiрегейлiгiн дәлелдеу үшiн, ол Құдай идеясын енгiзуге мәжбүр болды. 
Ал Спинозаға келсек, ол бiр ғана субстанцияны мойындағанымен, оның 
екi атрибуты – созылу мен ойлау – бұрынғысынша бiр-бiрiне тәуелсiз 
болып қала бердi. Бұл екi ұлы философ дүниенiң шексiз әртүрлiлiгiн 
өздерiнiң онтологиясында дұрыс түсiндiре алмады.
Олай болса, Лейбництiң қойған негiзгi мақсаты түбi бiр, сонымен 
қатар шексiз әртүрлi субстанцияларды табу қажеттiгiнде болды.
Лейбництiң ойынша, жалғыз ғана субстанциядан қайталанбайтын 
шексiз әртүрлi заттар пайда болуы мүмкiн емес, сондықтан сапалы 
көптүрлi субстанция ұғымын мойындау қажет. Болмыстың терең 
табиғатының өзi көпсапалылықтан тұруы керек. Сондықтан дүниедегi 
субстанциялардың саны шексiз және сапа жағынан әртүрлi. Бiрақ олар 
бейберекет емес, белгiлi бiр тәртiпке келiп жүйеленген.
Мұндай ой өрiсi Лейбництi дүниенiң негiзiнде жатқан өте ұсақ, 
өз-өзiне жеткiлiктi, iштей неше түрлi күштерге толы монадаларды 
(monos – грек сөзi, бiр) мойындауға әкелдi.
Монадалар, негiзiнен алғанда, физикалық ұсақ бөлшектер емес, онда 
ол Демокриттiң атомына ұқсас болар едi. Олар кеңiстiкте ешқандай 
орын алмайды, оның заттық өлшемi жоқ. Монадалар – рухани-жандық, 
органикалық сапалы нүктелер, әрбiреуi тек өзiне тән даму сатысында. 
Өзiне ғана тән ерекшелiктерi бар, бiр-бiрiн қайталамайтын тұлғалар 
сияқты, монадалар да әртүрлi. Олардың бiр-бiрiне ұқсастығы – тек қана 
олардың бөлiнбейтiндiгi мен мәңгiлiгiнде.
Сөзсiз, мұндай ойларға Лейбництi Левенгуктың микроскоп жасап, 
адам ұрықтарын үлкейтiп көрсетуi себеп болса керек.
Лейбництiң монадалары iс-әрекетке толы, олардың әрбiреуi мәңгiлiк 
өзгеру, жетiлу толқынында. Монадалар рухани нүкте болғаннан кейiн 
әртүрлi iшкi күштерге толы, олар өздерiн шындыққа айналдыру 
жолында материалдық өмiрдi, физикалық үдерістерді тудырады.
Монадаларды жете түсiну үшiн, ойшыл оларды адамдардың өмiрiмен 
салыстырады, өйткенi адамның жан дүниесiнiң өзi әртүрлi монадалар-
дан тұрады. Мысалы, әрбiр тұлға өзiнiң өмiрiнiң шеңберiнде өне бойы 
өзгергенмен, бiрақ сол тұлға болып қалады, монадалар да сол сияқты.
Адамдар бiр-бiрiне ұқсамағанмен, қоғамда әртүрлi топтарға бөлiнiп 
өмiр сүредi, монадалар да сол сияқты.
Әрбiр монада – өзiнше жабық ғарыш. Лейбниц: «Монадалар-
дың әйнегi жоқ, сондықтан еш нәрсе оған кiрiп, еш нәрсе одан шыға 
алмайды», – дейдi. Монада басқа монадаларға өзiнiң әсерiн тигiзе 


175
алмайды, басқалардан да әсер ала алмайды. Олардың әрбiреуi өз-өзiне 
жеткiлiктi және өзiн-өзi шектеген.
Бұл арада өте қиын сұрақ туады. Егер олар бiр-бiрiне өз әсерiн 
тигiзе алмаса, онда дүние бытырап, тәртiбi жоқ тұңғиық болып кетпей 
ме? Лейбництiң ойынша, бiздi қоршаған ғарыш, дүние – болуы мүмкiн 
дүниелердiң ең тамашасы, ондағы монадалар жүйеге келтiрiлген
үйлесiмдi түрде өмiр сүредi, өйткенi олар алдын ала орнатылған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет