209
сыйлаймыз т.с.с. Адамның сезiм тебiренiсінсiз ешқандай қарым-қатынас
жоқ, олай болса, мораль саласынан адамның сана-сезiмiн алып тастау
тек қана дерексіз теорияда ғана болса керек.
Ерiктiк мәселесi
И.Канттың ойынша, адам ерiктi түрде үзілді-кесілді қатаң талап-
тарды мүмкiндiгiнше толық орындауы керек. Зорлықтың негiзiнде
атқарылатын моральдық талаптар жоқ. Бiрақ бұл теорияда ғана.
Ал нақтылы өмiрде, құбылыстар әлемiнде, адам көбiнесе бол-
жамды талаптарға кездеседi. Бұл жағдай оның жан дүниесiнде үлкен
қайшылықтар тудырады.
Бұл қайшылықты шешу жолында И.Кант қатаң талап шынайы
өмiрде толығынан емес, тек соның талабына шексiз жақындау арқылы
шешiледi деген пiкiр айтады. «Ал мұндай жағдайда адам бақытқа жете
ала ма?» – деген сұраққа ол былайша жауап бередi: «Мораль бiздің
өзiмiздi қалайша бақытты етуіміз керектігі туралы iлiм емес. Ол бiздің
қалайша бақытқа сай болуымыз керектiгiн көрсетедi».
– Бақытты адам деп бiз өмiрден ләззат алғанды, иә болмаса барлық
нәрсе соның еркi мен тiлегi арқылы орындалғанды емес, тек қана өзiнiң
өмiрдегi парызын орындап, iс-қимылына қанағат еткендi айтамыз, – деп
қорытады ұлы ойшыл.
И.Канттың ойынша, ешкiм және ешқашан тек қана парыз
идеясының негiзiнде өмiр сүре алмайды. Жоғарыда айтқандай, тек
қана трансценденттiк шексiздiктiң аясында ғана қатаң талаптың толық
орындалуына
үмiт артуға болады. Сондықтан адамның жан дүниесiнiң
өлместiгi болуы қажет. Мiне, бұл – зерденiң іс жүзіндегі екiншi
тұжырымы.
И.Канттың ойынша, тарихи ғасырлар өткен сайын адамзат
моральдық идеалға жақындай түсуде, әсiресе болашақ «этикалық мем-
лекет» орнаған кезде бұл үдеріс тездеуi мүмкiн. Бiрақ трансценденттiк
жағдайда мұратқа жақындап жету басқаша болмақ, өйткенi адам
өлместiк сатысына көшедi.
Жiгердiң ерiктiгi мен жан-дүниенiң өлместiгi үшiн қажеттi түрде
белгiлi бiр онтологиялық (болмыстық) негiз керек. Ең болмағанда
логикалық түрде адам дүниеде құдiреттi күштiң бар екенiн мойын-
дауы керек. Олай болса, мұндай негiз деп тек Құдайды атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: