Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет146/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   422
Құдайсондықтан бар және болуы қажет.
И.Канттың ойынша, Құдайға сенбеушiлiк адамдардың моральдық 
деңгейлерiн күрт төмендетер едi, олар табиғаттан әлсiз және жетiлмеген 
болып жаратылғаннан кейiн, күнәға батып, адамдық қасиеттерiнен 
жұрдай болуы мүмкiн. Сөйтіп, И.Кант «Мен не нәрсеге үмiттене ала-
мын?» – деген сұраққа: «Дiни сенiмге», – деп жауап қайтарады.


210
Құқық және мемлекет мәселелерi
Егер И.Канттың моральдық философиясы адамдардың күнбе-
күнгi тәжiрибесiнен аулақ болса, оның құқықтық көзқарастары, 
керiсiнше, нақтылы өмiрмен тығыз байланысты. Адамдардың табиғи 
құқықтарының негiзгi қызметi – тұлғаның моральдық еркiндiгiн 
бекiту, парыздың орындалуына жағдай туғызу. Құқықтың өмiр сүруi-
нiң ерекшелiгi – ол әртүрлi адамның қарым-қатынастарын әдiлеттiлiк-
тiң негiзiнде ретке келтiредi.
И.Канттың ойынша, адамдардың негiзгi табиғи құқықтарына жеке 
меншiкке деген құқық жатады, тек ол басқа адамдардың бостандығына 
зияндығын тигiзбесе болды. Табиғи құқықтың негiзгi қағидаларының 
бiрi – jus talions (тең құндық, тiске – тiс, көзге – көз).
Ал мемлекет мәселесiне келер болсақ, – ол адамдардың заңдарға 
сүйене отырып бiрiгiп қауымдасуы, оның негiзiнде әдiлеттiлiк прин-
ципi жатуы қажет. И.Канттың ойынша, республикалық басқару 
жүйесi король билiгiне қарағанда жақсы, өйткенi король даналық пен 
әдiлеттiлiктi ұзақ уақыт бойы сақтай алмай қалады, ұзақ уақыт билiктi 
ұстаған адам қажеттi түрде зерденiң ерiктi тұжырымын бұрмалайды.
Мемлекет аясында қоғамнан ажыратуға болмайтын үш принцип 
бар. Олар – әр адамның ерiктiлiгi, азаматтардың теңдiгi және әрбiр 
азаматтың дербестiгi.
Тарих философиясы
И.Канттың ойынша, халықтардың дамып-жетiлуi көп жағдайларда 
«сол елдердiң туған жерiне, еңбек салаларына, әдет-ғұрыптарына, 
қолөнерi мен саудаға, халықтың тығыздығына байланысты».
Қоғам өмiрiнде болжамдық және үзілді-кесілді императивтер бiр-
бiрiмен қайшылыққа түседi. Адамдар өз табиғаты бойынша тойымсыз, 
сараң және өлшеусiз, билiкке, үстемдiкке деген құштарлықтарымен 
сипатталады.
Сонымен қатар үзілді-кесілді қатаң талаптарға сәйкес, олар 
өздерiнiң жүрiс-тұрысын моральдық тұрғыдан ақтағысы келедi. Бiр 
жағынан, адамдар бiр-бiрiнен алшақтап, екiншi жағынан, бiр-бiрiне 
жақындайды, өйткенi олар өздерiнiң неше түрлi қажеттiліктерiн өтеу 
жолында бiр-бiрiнен көмек iздеуге мәжбүр болады. «Адам сондай қисық 
ағаштан жасалғаннан кейiн, оны қанша сүргілесең де, түп-түзу қылу 
мүмкiн емес», – дейдi И.Кант. Бiрақ, осыған қарамастан, жеке адамдар 
арасындағы қайшылықтар бүкiл қоғамдық тұрғыдан алып қарағанда, 
тарихты алға жылжытады. Қоғам әлеуметтiк жағынан алға жылжыған 
сайын, қайшылықтар да өсе бастайды. Жетiлген болашақ қоғамда 


211
«оның мүшелерiне орасан зор ерiктiк берiледi, олай болса, олардың 
арасындағы қайшылықтар да өмiр сүредi», – деп қорытады И.Кант.
И.Канттың ойынша, адамзат тарихы бүкiл адамзаттың құқықтық- 
азаматтық ахуалына қарай дамып келедi, бiрақ оған толығынан бұл 
дүниеде жету мүмкiн емес. «Жалпы алғанда, адамзаттың сыртқы 
мәдениетi оның моральдық жетiлуiне қарағанда анағұрлым тез дамып 
келедi. Бұл адамзат алдында тұрған үлкен үрей», – деп есептейдi 
ұлы ойшыл. Әрине, И.Канттың заманынан кейiнгi уақыт бұл кiсiнiң 
ойының негiзсiз емес екенiн ашық көрсеттi: тек өткен ХХ ғ. өзiнде-ақ 
екi дүниежүзiлiк соғыста миллиондаған адамдар соның құрбаны болған 
жоқ па ?!!
Сондықтан И.Кант мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды, 
халықтар арасындағы алауыздықты қалайша жою керек, адамзат 
өмiрiнде «мәңгiлiк бейбiтшiлiктi» қалай орнату керек деген сияқты 
көкейтестi сұрақтарға жауап беруге тырысты.
«Бүгiнгi таңда халықаралық қатынастарда үстемдiк жасайтын
құқық емес, тек қана зорлық-зомбылық», – деп қорытады ұлы ойшыл. 
Соғыс – адамның өз-өзiне мақсат еткенiн аяққа басады, сондықтан «ол 
болмауы қажет». 
Соғыс болмауы үшiн мемлекеттер арасында тек қару-жарақ болып, 
олар өздерiн өзара қорқытып ұстауы қажет, я болмаса болашақта бүкiл 
адамзатты бiр ғана дүниежүзiлiк мемлекеттiң аясында бiрiктiру қажет 
деген кең тараған пiкiрлерге И.Кант үзiлдi-кесiлдi қарсы шығады. Оның 
ойынша, мемлекеттер арасындағы қару-жарақ, күш теңдiгi ертелi-кеш 
әрқашанда бұзылады, ал бүкiл дүниежүзiлiк мемлекет халықтардың 
бостандығын аяққа басар едi.
И.Канттың ойынша, тек қана бүкiл жер бетiндегi мемлекет-
тердiң ерiктi федерациясы ғана халықтардың бостандығы мен саяси 
дербестiгiн сақтап қалуға мүмкiншiлiк бередi. «Ол халықтар одағы 
болар едi, бiрақ ешқашанда халықтардың мемлекетi болмауы керек», – 
деп ойлайды И.Кант. Сөйтіп, ол ұлттық мемлекеттiң өмiр сүру құқын 
осылайша қорғайды.
Бүкiл адамзаттық-азаматтық ахуалды жақындату үшiн, халы-
қаралық келiсiмдер қатаң сақталып, мемлекеттiң iшкi iстерiне басқалар 
араласпай, халықтар арасында сауда-саттық, мәдени байланыстарды 
дамыту қажет. Байқағанымыздай, И.Канттың бұл саладағы негiзгi 
идеялары өз заманын басып озып, бүгiнгi уақытта да өзектiлiгiмен 
байқалады.
И.Канттың философиясы дүниежүзiлiк философия тарихында өзiнiң 
өшпес iзiн қалдырды. Көп ғалымдардың айтуына қарағанда, И.Кант 
ХIХ ғ. немiс философиясының негiзiн ғана қалап қоймай, ХХ ғ. көп 
философиялық толғауларға өзiнiң әсерiн тигiздi.


212


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет