Серік Мырзалы философия оқу құралы


А.И.Герцен, Н.П.Огарев, Т.Н.Грановский, В.Г.Белинский



Pdf көрінісі
бет171/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   422
Байланысты:
2 (1)

А.И.Герцен, Н.П.Огарев, Т.Н.Грановский, В.Г.Белинский т.с.с. жат-
қызуға болады. 
В.Г.Белинский Еуропаға сүйсiне табынғандай қарап, былай деп 
жазды: «Еуропаның бiр жылы Азияға – бiр ғасырдай, Еуропаның бiр 
ғасыры – Азияға мәңгiлiктей. Барлық ұлылық, асылдық, адами руха-
нияттылық Еуропа топырағында бәйшешектей гүл жарып, өзiнiң 
тамаша жемiстерiн бердi. Өмiрдiң көпкелбеттiлiгi, ер мен әйел арасын-
дағы тазалық, әдет-ғұрыптың нәзiктiгi, ғылым мен өнердiң дамуы, 
табиғаттың бисаналық күштерiн бағындырып игеруi, материяның 
жеңiлiп, рухтың көкке қарай өрлеуi, адамның кiсiлiгiн сыйлап, оның 
құқыларын бұлжытпай сақтауы... – бәрi де Еуропа өмiрiнiң дамуының 
нәтижелерi», – деп қорытады В.Г.Белинский. Әрине, ол бүгiнгi Батыс 
руханиятын көрсе, мүмкiн мұндай көзқарасқа түзету енгiзер ме едi, кiм 
бiледi?
«Батысшылар» Ресейдi «бизантиялық-православиелік» ноқтадан 
құтқару керектiгiн, тұлғалар өз таңдауының негiзiнде iс-әрекет жасау 


253
мүмкiндiгiн алуы жөнiнде бiршама терең ойлар айтты. Бiрақ олар Батыс 
Еуропа халықтары цивилизацияның бүкiл адамзаттық құндылықтары 
мен нормаларын iске асырды деген жалған ойда болды.
Славянофильдер қарама-қарсы бағытта болды. Олардың ойынша
орыс мәдениетi православиелік дiннiң шеңберiнде дамуы керек. Олар 
«патшанікi – патшаға, Құдайдікi – Құдайға» деген қағиданы ұстады. 
Яғни мемлекет тек қана қоғамды сырттай өзгерте алады, ал iшкi 
жаңару – православиелік халықтық мәдениеттiң iсi. Тек iшкi рухани 
жаңарудың негiзiнде ғана iзгi қоғамды орнатуға болады. И.В.Киреевский 
мен А.С.Хомяков Еуропадағы ағартушылық өзiнiң iшкi мүмкiншiлiгiн 
сарқыды, онда техникалық алға өрлеу рухани тоқыраумен қатар жүрiп 
жатыр деген көзқараста болды.
Қоғамды реформалаудағы негiзгi мәселелердiң бiрi – Ресей қоғамы 
жекелiк, я болмаса қауымдастық негiзiнде дамуы керек пе? – деген 
сұраққа жауап ретiнде олар соңғыны таңдады. Қауымдасып өмiр 
сүру – Ресей халқының табиғатына тән нәрсе. Қауымдастықтың 
шеңберiнде ғана рухани бiрлiк бар. Қоғамның дамуының негiзiнде 
бақталастық, көре алмау т.с.с. емес, керiсiнше, адамды сүю, достық, 
өзара көмек беру жатуы қажет. «Бiз сүйiп сенемiз, олай болса, өмiр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет