Серік Мырзалы философия оқу құралы


қалтырау», «Диалектикалық лирика», «Ажалға бастайтын ауру



Pdf көрінісі
бет167/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   422
қалтырау», «Диалектикалық лирика», «Ажалға бастайтын ауру
қайта туу мен оянуға бағытталған христиандық-психологиялық 
тебiренiстер» т.с.с.
Жалпы алғанда, өзiнiң қысқа өмiрiнiң шеңберiнде бұл кiсi 28 томдық 
еңбектердi тудырған, соның iшiнде 14 томы – оның күнделiктерi. Өз 
заманында атағы шықпаған философ ХХ ғ. үлкен құрметке бөленедi, 
оның шығармашылығына арналған мыңдаған зерттеулер жарық 
көредi. 1948 ж. берi Копенгаген қаласында «Кьеркогериана» деген осы 
ойшылдың көзқарасын зерттеуге арналған журнал шығады.
Өзiнiң шығармашылық жолының басында Кьеркогер қайсыбiр 
философиялық жүйенi жасаудан бас тартып, соңғының ең биiк шыңы – 
Гегельдiң философиясын қатты сынға алады. Өйткенi оның филосо-
фиясында рационализм өзiнiң шегiне жетiп панлогистiк (pan – грек 
сөзi, бәрi де, logos, – ақыл-ой) дәрежеге көтерiлдi. Гегельдiң ойынша, 


246
болмыс – ойлаумен тең, ақыл-ойдың шеңберiнен шығатынның бәрi де 
ақиқатты емес, ғарышта өжеттi танымның аша алмайтын ешқандай 
сиқыры болмақ емес.
Кьеркогер мұндай көзқарасқа үзiлдi-кесiлдi қарсы шығады, өйткенi 
болмысты жүйелеу мүмкiн емес. Қайсыбiр жүйе – аяқталғандықпен 
тең, ал болмыс өне бойы өзгерiсте. Екiншi жағынан, Гегель тұлғаны 
объективтi нақтылы-тарихи шеңбердiң iшiне қойып түсiнедi, яғни 
жеке тұлғаның өзiндiк қайталанбайтын тек соған ғана тән өмiрi, оның 
еркi тарихтың қадамының астында көмiледi. Сондықтан ол Гегельдiң 
объективтiк диалектикасына өзiнiң субъективтi, жеке тұлғаның өмiр 
сүру (экзистенциалдық) диалектикасын қарсы қояды. Оның ойынша, 
қайсыбiр дүние жөнiндегi жаратылыстануға негiзделген ғылыми 
көзқарас – зұлымдықтың нышаны. «Жаратылыстану ең соңында 
адамзаттың құруына әкелуi мүмкiн», – дейдi Кьеркогер. Ойшылдың 
бұл пiкiрiн үстiрт қарамай, терең ойласақ, расында да, бүгiнгi таңда 
ғылым адамға көп жақсылық әкелгенiн бәрiмiз де бiлемiз, сонымен 
қатар ядролық соғыс пен экологиялық апаттың мүмкiндiгiн адамзат-
тың жоя алмай отырғаны да – бүгiнгi таңдағы ақиқат. 
Кьеркогердiң ызасын келтiретiн нәрсе – ол адамды объект ретiнде 
қарап зерттеу, өйткенi адам – рухтың басшылығымен өмiр сүрiп 
жатқан жан мен дененiң бiрлiгi, жеме-жемге келгенде, ол – рух. Ойшыл 
рух – ойлаумен тең емес, олай болса, ол қисынның заңдарына тәуелдi 
емес деген пiкiрге келедi. Сондықтан философияның негiзгi мәселесiне 
нақтылы адамның өмiр сүруi, оның өзiндiк санасы, iшкi рухани өмiрi 
жатуы керек. Егер Сократ дүниенi түсiну үшiн ең алдымен өзiңдi 
тани бiл деген болса, Кьеркогер тек қана адамның iшкi өмiрiн тану-
мен қанағаттанып, сыртқы дүниенi, болмысты танудан үзiлдi-кесiлдi 
бас тартады. «Шындық, сыртқы өмiр бар ма?» – деген сұраққа ол 
терiс жауап бередi. «Шындық – ол iшкi дүние (innerlichkeit), Меннiң 
өз Менiне деген қатынасы». Адамның iшкi өмiрi объект болмағаннан 
кейiн таныл-майды, оны тек тебiрентуге ғана болады. Сондықтан Кьер-
когер адамның iшкi өмiрiн бейнелейтiн жаңа санаттарды философияға 
енгiзедi. Олар: өмiр сүру, үрей, сәт, өту, секiру, шешiм, шектелген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет