Серік Мырзалы философия оқу құралы


Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет169/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   422
Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:
1. ХIХ ғ. екiншi жартысында неге классикалық философияға қана-
ғаттанбаушылық пайда болады?
2. А.Шопенгауер философиясының негiзiнде не жатыр?
3. С.Кьеркогер не үшiн Гегельдiң философиясын сынға алады?
4. Әлемдiк ерiкке қарсы күресiнде адам қандай сатылардан өтедi?
5. С.Кьеркогер философияға қандай ұғымдарды енгiзедi?


250
6. С.Кьеркогердiң экзистенциалдық диалектикасының маңызы неде?
7. Адам өмiрiнiң дiни сатысының ерекшелiгiн С.Кьеркогер неден 
көредi?
Рефераттар тақырыптары:
1. Бейклассикалық философияның дүниеге келуiнiң негiзгi себеп-
терi.
2. А.Шопенгауер және оның әлемдiк пессимистiк философиясы.
3. С.Кьеркогер – экзистенциалдық философияның алғашқы өкiлi.


251
Х тарау. XIX-XX ғғ. Ресей мәдениеті аясындағы философия
Философия тарихына жасаған көлемдi саяхатымызда солтүс-
тiктегi көршiмiз – Ресей халқының рухани-философиялық мұрасын 
естен шығармауымыз керек. Қазақ халқы «Ұлы мәртебелi Тарих-
тың» шешiмiмен ХIХ-ХХ ғғ. орыс мәдениетiнiң ықпалында болып, 
қалай дегенде де, олардың көп құндылықтарын өз бойына сiңiрдi. 
Екiншi жағынан алғанда, орыс руханиятының бүкiл дүниежүзiлiк 
философиядағы алатын өз орны, қайталанбас құндылықтары бар. 
Сондықтан оларды әрбiр бiлiмдi азамат игеруi қажет. Үшiншi жағынан, 
бүгiнгi қазақ елi – көпұлтты ел, ал орыс халқының өкiлдерi негiзгi 
ұлт – қазақтардан кейiнгi екiншi үлкен әлеуметтiк-демографиялық топ, 
сондықтан қазақ-орыс мәдениеті және тағы басқа қатынастарының 
негiзiнде бiр-бiрiнiң дүниеге деген көзқарасын түсiну қажеттiгi жатыр, 
сонда ғана олар толыққанды болуы мүмкiн.
Философиялық ой-пiкiрдiң Ресейде дүниеге келуi ХI ғ. баста-
лып, негiзiнен, христиандық дiндi қабылдаумен байланысты болды. 
Осы уақыттан бастап Ресейдiң ойшылдары өз мемлекеттерiнiң Құдай 
нұрының шапағатына қатысты екенiн негiздей бастайды. Алғашында 
ойшылдардың ой өрiсi адамның жүрiс-тұрысын ретке келтiретiн мақал-
мәтел, нақыл сөздерге, соңынан православие дiнiнiң бүкiл адамзат 
цивилизациясының дамуындағы ерекше орнын негiздеуге бағытталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет