262
жас. Дегенмен болмыста пайда болып, белгiлi бiр уақыт келгенде, жер
бетiндегi байлықты сарқып, адамзат заңды түрде бұл өмiрден кетуi
мүмкiн. Бiрақ, сонымен қатар, егер ғылымның дамуының негiзiнде
адам ғарышпен байланысқа түсiп, зат пен күш-қуаттың жаңа түрлерiн
игерсе, ол тоқталмайтын өрлеуге ие болып, өлместiк дәрежесiне
көтерiледi, – деген батыл пiкiр айтады.
К.Э.Циолковский адамзаттың жерлiк және ғарыштық өмiр сүруiн
бiр-бiрiнен айырады. Жер бетiндегi өмiр сүру – адамзаттың «сәбилiк
шағы», сондықтан ол кемелiне келмеген, зардабы мен қиянаты
мол. Адамзаттың ғарыштық болмысы келген уақытта өмiрдiң терiс
жақтарының бәрi жойылып, қуаныш пен жетiлгендiк, шығарма-
шылық – өмiрдiң негiзгi жақтарына айналады. Оның ойынша, ғарышқа
шығу – көп уақытты талап етiп, сатыларға бөлiнедi:
а) адамзат қажеттiліктерiн өтеу жолында жер бетiн толығынан қайта
өзгерту;
в) жер айналасындағы кеңiстiктi игеру;
с) басқа планеталарды, содан кейiн алыс ғарышты игеру;
д) адамның өз биологиялық табиғатын өзгертiп, ашық ғарышта өмiр
сүре алатын дәрежеге келуi.
Сонымен, егер Н.Коперник өз уақытында жердiң ғарыштағы ерекше
орны жөнiндегi көзқарасқа соққы берген болса, ХХ ғ. К.Э.Циолковский
адамзатты жер тартылысынан шығарып, ғарышқа жол ашты деп
көркемдеп айтуға болар едi.
Достарыңызбен бөлісу: