Серік Мырзалы философия оқу құралы


С.Л.Франк адамды өзiн-өзi анықтайтын және өзгерте алатын пенде  ретiнде қарайды. Өзiндiк сана



Pdf көрінісі
бет179/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   422
Байланысты:
2 (1)

С.Л.Франк адамды өзiн-өзi анықтайтын және өзгерте алатын пенде 
ретiнде қарайды. Өзiндiк сана арқылы адам заттардан ғана емес
сонымен қатар өзiнен де алшақтап, өз-өзiне басқа адамның көзiмен 
қараған сияқты дәрежеге келедi. Нәтижесiнде екi – танушы мен таны-
латын, бағалайтын мен бағаланатын, сот пен сотталатын ахуал пайда 
болады. Мiне, адам өзiндiк санасы арқылы өзiнiң денелiк эмпириялық 
табиғатынан бөлiнiп, өз-өзiн бағалайтын, сынайтын дәрежеге көте-
рiледi.
Адам – әрқашанда өзiнiң күнделiктi болмысына қанағаттанбай, оны 
аттап өтiп, басқа өмiрге, өнегелілiкке қарай ұмтылатын пенде.
Н.О.Лосский тұлғаларды шынайы және әлеуетті деп екiге бөледi. 
Тұлға өзiнiң дамуында Құдайдың бейнесiне ұқсаудан бастап, соңында 
тiптi Құдайдың Өзiне тартуға тырысады. Ал соңғы – ол тұлғаның 
негiзгi мақсаты, ол үшiн адам неше түрлi қиындықтар мен зардаптардан 
өтуi керек.
Руханияттық – адамның негiзгi қасиетi. Рухани адамның iшкi 
өнегелілiгi қандай да болмасын сыртқы жағдайлардың қысымына 
қарсы тұра алады.
Қорыта келе, бiз орыс философиясының адам мәселесiне қомақты 
үлес қосқанын байқаймыз. Олардың айтқан көп идеялары қазiргi өтпелi 
дәуiрдегi қалыптасқан көп ахуалдарды талдауға өз көмегiн бередi. Сiз 
де ол жөнiнде ойланып көрiңiз. 


261
§ 4. Ғарыш философиясы
Ғарыш философиясы деген кезде, бiз екi нәрсенi айтуымызға болады. 
Бiрiншiден, ол – дүниенiң бiртұтастығы және соның шеңберiндегi 
адамзаттың, яғни рухтың алатын орны; екiншiден, адамзат мәңгi осы 
жер бетiнде қала ма, я болмаса басқа ғарыштағы нысандарды игерiп, 
өзiнiң ықпалын бүкiл ғарышқа тарата ала ма?
Бiрiншi сұраққа қайсыбiр ұлттық философия жауап беруге тыры-
сады, ал екiншi сұрақты қойып, соған жауап беруге тырысқан, негiзiнен 
алғанда, орыс философиясы болды. Сондықтан бұл ағымды орыс 
философиясының ерекшелiктерiнiң бiреуiне жатқызуға болар едi деп 
ойлаймыз. Ал ендi оның өзiнiң де себебi бар шығар. 
Бiздiң ойымызша, Алтын Орда мемлекетiнiң қысымынан кейiнгi 
Ресей қоғамының Шығысқа қарай садақтан атқан оқтай серпiлуi 
(бiрнеше ғасырдың шеңберiнде Едiл өзенiнiң ар жағынан сонау Қиыр 
Шығысқа дейiн жетуi), өлшемсiз кең-байтақ жерде мемлекеттiгiн 
құруы, ұлттық ой-өрiстi де кеңейтiп, оған ғарыштық өлшем берсе 
керек. Мүмкiн, басқа себептер де болған болар.
Еуропа ой-өрiсiнде ғарыш жөнiнде христиандық антропоцентрлiк 
көзқарас ғасырлар бойы өмiр сүрдi. Оның негiзгi қағидасы: адам – 
жаратылған дүниенiң ең биiк шыңы, жер болса – ғарыштың ортасы.
Коперник мұндай көзқарасқа төңкерiс жасайды: ғарыштың ортасы – 
жер емес, Күн. Ғаламда тек жерде ғана өмiр бар. Дж.Бруноның шексiз 
ғалам мен өмiр жөнiндегi ойлары кең тараған жоқ. Жаңа дәуiрдегi 
ғылымда ғарыш механикалық-физикалық нысан, сансыз атомдардың 
өрiсi деген пiкiр қалыптасты.
Ендi, мiне, орыс философиясында XVIII ғ. бастап, антропокосмизм 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет