266
ол –
метафизика, оның қойған сұрақтарын бiрде-бiр жаратылыстану
ғылымы
шеше алмайды, өйткенi ол сұрақтар «физиканың ар жағында»
жатыр. Сондықтан әр халық оларға өзiнше жауап бередi. Сол себептi
бiз «немiс», «орыс», «қазақ философиясы» т.с.с. деп аузымызды толты-
рып айта аламыз.
Екiншi үлкен мәселе – қазақ философиясының дүниежүзiлiк
философиядағы алатын орны қандай, жалпы алғанда, оның сол өз
орны бар ма? Бiздiң философиялық ой-өрiстiң шеңберiнде қалыптасқан
қандай рухани құндылықтарды бiз мақтан етiп, басқа халықтарға ұсына
аламыз? Ал бұл сұрақтар бiздi отандық философияның
differencia
specifica, яғни
өзiне тән ерекшелiктерiн iздеп табуға ұмтылдырады.
Қазақ халқының дүниесезiмi мен дүниетанымының ерекшелiктерi,
әрине, ол өмiр сүрген табиғаттың, соған бейiмделiп қалыптасқан
шаруашылық формалары, өмiр салтының жүйелерiмен тығыз байла-
нысты болса керек. Оған уақытында Ш.Уәлиханов та көңiл аударған
болатын. Расында да, қазақ елi Бразилия, я болмаса Франция емес.
Жоғарыда айтылған тұрғыдан бұл мәселеге көз жiберсек, онда
бiздiң ата-бабаларымыз таңдап алып, өз Отанына айналдырған жерлер
мал өсiруге лайықты, табиғаты қатал, суға тапшы, сонымен қатар өрiсi
кең, малдың соңында көшiп-қонуға мол мүмкiншiлiгi бар кеңiстiкте
орналасқан болатын. Ал табиғаты жұмсақ, суы мол жерлерде (мысалы,
Сырдария, Шу өзендерiнiң т.с.с. бойларында) халық жерге тұрақтанып,
егiн егiп, қолөнерiн дамытып, қалалар тұрғызды. Оған мысал ретiнде
«Жiбек жолы» бойында орналасқан Ортағасырдағы қалаларды (Отырар,
Жүйнек, Мерке, Құлан, Талғар, Алматы т.с.с.) айтуға болады.
Негiзiнен алғанда, Жаңа дәуiрге – машиналық индустрия пайда
болғанға дейiн – қазақ жерiндегi ең тиiмдi шаруашылық формасы –
көшпендi мал шаруашылығы болды. Сондықтан бiздiң арғы бабала-
рымыз мыңдаған жылдардың шеңберiнде осы iспен айналысты. Ол,
бiрiншiден,
табиғатқа бас июдi, оған табынуды талап еттi, қазақ халқы
басқа да Шығыс халықтары сияқты, ешқашанда табиғаттың патшасы
болу, оны өз еркiне сай етiп қайта өзгерту мақсатын өз алдына қойған
жоқ. Сондықтан ежелден қазақ халқының, қазiргi тiлмен айтқанда,
Достарыңызбен бөлісу: