Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет185/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   422
Байланысты:
2 (1)

экологиялық санасы биiк деңгейде болған.
Екiншiден, бiздiң бабаларымыз тұрақты бiр жерге байланбаған-
дықтан ерiктi болып, бас бостандығын қатты сыйлаған. Қазақ жерiнде 
ешқашанда құлдық болмаған.
Үшiншiден, негiзiнен алғанда, көшпендiлiк теңдiктi талап етедi, 
оған тән саяси формалар – соғыс демократиясы, әрi кеткенде, алғашқы 
феодалдық қатынастар, дамыған феодализм қазақ жерiнде ешқашанда 
болған жоқ, ол көшпендiлiк шаруашылық формасының табиғатынан 
шығады.


267
Төртiншiден, көшпендi халықтың арасындағы әлеуметтiк айырма-
шылықтар аз болғандықтан, теңдiкке негiзделген әдiлеттiлiк 
құндылығы. Сондықтан да бүгiнгi таңда жүрiп жатқан қайта әлеу-
меттiк топталу – рестратификация (аса байлармен қатар кедей, 
қайыршылардың пайда болуы) – адамдардың жан-дүниесiнде ауыр 
жарақаттар қалдыруда.
Бесiншiден, байлыққа жетуден гөрi, ар-намысты жоғары ұстау – 
бұл да халықтың қанына терең сiңген құндылық болып табылады. 
Онымен тығыз байланысты бар нәрсеге қанағат ету де – қазаққа тән 
нәрсе.
Алтыншыданұжымдық мүдденi жеке мүддеден жоғары ұстау – ол 
да көшпендiлiк өмiр салтынан шығатын құндылық.
Жетiншiден, өне бойы көшiп-қону барысында әрқашанда неше 
түрлi қиындықтарды, қауіп-қатерлердi бастан кешуге тура келедi, 
ол ерлiктi, батырлықты қасиет етудi талап еттi. Сондықтан беске 
келгенде жылқының жалында ойнап, 14-15-ке келгенде батырлықты 
армандап, бiздiң бабаларымыздың көбi 20-25-iнде елiн аман сақтау 
жолында өмiрлерiн қия бiлген. Ұлы Отан соғысында қазақ азаматтары 
осы ұлттық қасиеттi бүкiл әлемге айқын көрсеттi. Қазақ халқының 
дербестiгiн көтере алмай жүрген кейбiр арам пиғылды саясаткерлер 
оны бiлуi қажет.
Сегiзiншiден, көшпендiнiң өмiрi қысқа, өне бойы қауіп-қатерлерден, 
соқтығыстардан тұрғаннан кейiн, ол күнбе-күнгi өмiрдi бағалап, 
өмiрден алудан гөрi болуды жаратқан. Әрбiр күндi той-думанға 
айналдыру, өзiн шешен сөзбен, даналықпен көрсете бiлу, неше түрлi 
сайыстарға қатысу, «бiр сырлы, сегiз қырлы болу» – бабаларымызға 
тән нәрселер болған.
Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген ашықтық, қинал-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет