Серік Мырзалы философия оқу құралы


ғандарға риясыз қол ұшын беру



Pdf көрінісі
бет186/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   422
Байланысты:
2 (1)

ғандарға риясыз қол ұшын беру – бұл да бiздiң халықтың керемет 
қасиеттерiнiң бiрi.
Оныншыдан, көшпендiлердiң негiзгi құндылықтарының бiрi – ата-
ананы, үлкендердi сыйлауы.
Әрине, халықтың мыңдаған жылдар шеңберiнде бойына жинаған 
көп қадір-қасиеттерiнiң iшiнен бiз негiзгiлерiн ғана көрсеттiк. Ендi 
келесi мәселеге – қазақ философиясының ерекшелiктерiне тоқталуға 
мүмкiншiлiк пайда болды.
Бiрiншiден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және 
гносеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрi, адам мәселесiне 
көбiрек көңiл бөлiнедi.
Екiншiден, адам мәселесi, қазiргi тiлмен айтқанда, көбiне 
экзистенциалдық тұрғыдан қаралады және көшпендiлiк өмiр салтын 
еске түсiрсек, ол түсiнiктi де болар.


268
Үшiншiден, отандық философияда дерексіз-теориялық жүйелер 
жасау өте сирек кездесетiн құбылыс – философиялық iзденiс адамның 
нақтылы өмiрдегi жүрiс-тұрысын сараптауға, яғни практикалық 
мәселелерге көбiрек көңiл бөлiнедi.
Төртiншiден, адам болмысының этикалық жақтарына, жақсылық 
пен жамандық, iзгiлiк пен зұлымдық, арнамыс, абырой, т.с.с. санаттарға 
терең талдаулар жасалады.
Бесiншiден, қоғам өмiрiнiң негiзгi мәселесi ретiнде әрқашанда 
әлеуметтiк әдiлеттiлiкке көбiрек назар аударылады.
Алтыншыдан, отандық философияны аксиологиялық философия 
десек те болғаны, өйткенi онда құндылық әлемiне зор көңiл бөлiнедi. 
Ендi мәселенi нақтылай түсiп, отандық философияның негiзгi сатыла-
рына қысқаша көз жiберейiк.
§ 2. Қазақ мифологиясы. Алғашқы философиялық түсiнiктер
Басқа халықтардың философиясы сияқты, отандық философия да өз 
қайнар көзiн көне аңыздар мен дастандар, ертегiлерден бастайды. Егер 
аңыздарған бай халықтарға үндi мен гректердi жатқызса, қазақ елi де 
олардан кем түспейтiн болар, өйткенi өне бойы көшiп-қонып жүрген 
халықтың бiр ғана байлығы болды – ол оның тiлi, бабалардан келе 
жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбi жаңа ғана 
жарық көрiп, философиялық тұрғыдан талдануда.
Көне түрiктердiң түсiнiгi бойынша, бұл дүние жоқтан пайда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет