Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет199/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   422
саяси жағдайларға, жалпы алғанда, жер бетiнде қалыптаса бастаған 
Жаңа дәуiрдiң талаптарына сай жауап қайтару үшiн, шынайы ел 
тұтастығы, халық бiрлiгi қажет едi. Бiрақ ол iске аспады, тiптi Абы-
лай ханның заманында, елге қатерлi қауіп төнген кездiң өзiнде бүкiл 
қазақтың басы бiрiкпедi. Ұлы Шыңғыс ханның өз уақытында құрған 
алып «Алтын Орда» империясының да түбiне жеткен әлсiз жерi – 
осы өзiне-өзi жеткiлiктi, бiр-бiрiне күнi түсе бермейтiн көшпендiлiк 
өмiр салты, соның негiзiнде қалыптасатын бiр орталық билiкке 
бағынбаушылық, оны керек қылмаушылық едi. Әрине, Сарыарқа 
даласының ойшыл-даналарының балтырын сыздатқан негiзгi мәселе
мiне, осы болатын.
ХV-ХVIII ғғ. дүниеге келген философиялық ой-толғаулар, негiзiнен 
алғанда, жыраулық түрде таралып өмiр сүрдi. Өйткенi көшпендiлердiң 
арасында сауаты ашылған, жазылған сөздi оқитын адамдардың саны көп 
болмай, олар көбiне ақсүйектерге ғана тән болатын. Қарапайым сөзбен 
жеткiзiлген ой бiреуден-екiншiге тарау жолында өзгерiп, алғашқы мән-
мағынасын тез жоғалтатыны баршаға мәлiм. Тек қана өткiр де терең, 
нақышына келтiрiлген өлең шумақтары адамның ақыл-ойымен 
қатар, оның сана-сезiмiне өзiнiң зор әсерiн тигiзiп, халықтың жадында 
сақталып, оның дүниеге деген көзқарасы мен iс-әрекетiне өзгертулер 
енгiзе алды. Жалпы алғанда, бұл тек қана қазақ халқына ғана тән нәрсе 
емес. Қай заманда да, қай халық өз поэзиясын жан-тәнiмен сүймеген, 
ол әрқашанда адамның жан-дүниесiн билейтiн әмiршiсi емес пе?! ХХ ғ. 
өмiр сүрген немiс философы М.Хайдеггердiң өз өмiрiнiң соңына қарай 
поэзияға бетбұрыс жасап, болмыс жөнiндегi нағыз терең ойларды ұлы 
өлеңшiлердiң шығармаларынан iздегенi осыған байланысты болса 
керек. Сол себептi де бiз қазақ халқының қалыптасу жолындағы терең 
философиялық мәселелердi жыраулардың шығармашылық жолдарынан 
iздеуiмiз керек.
Қазақ халқының ақын-жырауларының iшiнен аса көрнектi тұлға-
лар ретiнде Сыпыра жырауды (ХIV ғ.), Асан қайғы, Қазтуған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет