Серік Мырзалы философия оқу құралы


дандырып, адамгершiлiктi басым



Pdf көрінісі
бет197/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   422
Байланысты:
2 (1)

дандырып, адамгершiлiктi басым ұстау болып отыр. Сонда ғана 
қоғамның бiрлiгiн нығайтып, қарапайым адамдардың өмiрге деген 
ынтасын арттыруға болады. Ал оның өзi бiздiң бостандығымыздың 
iргетастарын нығайтып, бүкiладамзаттық қауымның шеңберiнде абы-
ройлы орын алуға мүмкiншiлiк бередi. Расында да, адам бұл өмiрде 
жалғыздан-жалғыз өмiр сүрмейдi, менiң еркiмнiң шеңберi екiншi 


284
адамның еркiнiң аумағына жеткен кезде тоқталуы қажет. Белгiлi фран-
цуз ойшылы Ж.П.Сартр айтқандай, «еркіндiк дегенiмiз, адамның 
басқалардың алдындағы жауапкершiлiгiнiң ауыр жүгi». Бiреу күйзе-
лiс пен зардап шегуде болған жағдайда, екiншiнiң дәулетi қанша 
тасығанымен, бақытты болуы мүмкiн емес.
Қ.А.Яссауи бабамыздың даналығы – қоғамдағы күйзелiстен шығу 
жолдарын қайсыбiр зорлық-зомбылықтан, қантөгiстен, төңкерiстен 
iздемеуi. Ол Сократтың «өзiңдi тани бiл», Будданың «ең ұлы жеңiс – 
адамның өзiн-өзi жеңе бiлуi» деген қағидаларына жақын жолды 
ұстайды:
«Залым егер жәбiр қылса, Алла дегiл,
Қолың жайып, дұға оқып, мойын сұңғыл.
Құдай тiлек бермесе, сабыр қылғыл,
Хақтан естiп бұл сөздердi айттым, мiне».
«Сабыр түбi – сары алтын» деген халықтың нақыл сөзi осы 
Яссауидiң жоғарыдағы ойларымен үндесiп жатыр. Адамзаттың өткен 
жазулы тарихында зорлық-зомбылықтың негiзiнде бақытты қоғамды 
орнатқан бiрде-бiр ел аталмайды. Керiсiнше, зорлық қарымына одан да 
өрескел зұлымдықты тудырады. «Жек көру ешқашанда жеккөрушiлiк-
пен тоқталмайды. Тек жеккөрушiлiктiң жоқтығы ғана жеккөрушiлiктi 
жояды», – деген екен ұлы Будда. Зорлық-зомбылықтың жолымен жер 
бетiнде жұмақ – коммунизмдi орнатқысы келген большевиктер қоғамды 
қандай күйзелiске әкелгенiн өткен жақын тарихымыздан жақсы бiлемiз. 
Бүгiнгi таңда бүкiладамзаттық деңгейде соғысты, зорлық-зомбылықты 
болдырмау, әр болуы мүмкiн шиеленiсті бейбiт жолмен шеше бiлу
жеке адамның құқықтарын басымды орынға қою мәселелерi үлкен 
орын алып отыр.
Қ.А.Яссауидiң қойған пендешiлiктi шектеу, нәпсiнi тыю, рухани-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет