лары болуға тиіс. Сонда ғана алға жылжу орын алып, ұлттың сана- сезiмi өседi. Басқа жағдайда Абай уақытында сынға алған орынсыз
өркөкiректiкке келемiз. Ал жақсы жақтарымызды айтсақ, оны басқа
халықтар айтпай-ақ бiлiп, бiздiң ұлтымызды сыйлайды. Мiне, осындай
ащы ойлар Абайды оқығанда еске келедi, ол да ойшылдың өсиеттерiн
орындау парызынан шығады.
Абаймен ақылдасатын келесi көкейкестi мәселе – Қазақстанның
жаһандану үдерiсiне кеңiнен кiруi. Уақытында оның жолын ұлы Абай
орыс мәдениетi мен тiлiн меңгеру керектiгi туралы ойларында терең
көрсетiп кеттi. «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым
да – бәрi орыста тұр. Зарарынан қашықболуға, пайдасына ортақ болуға тiлiн, оқуын, ғылымын бiлмек керек», – дейдi ұлы ағартушы
(25-сөз, аталған әдебиет, 51-б.). Яғни жақсы жақтарын алып, жаман
жақтарынан безу керек. Олай болса, бiз шетелдерден жаңа технология-
ларды алып, өндiрiсiмiздi дамытып, сонымен қатар Батыс мәдениетiнiң
тұрпайы да дөрекi – зорлық-зомбылық пен тыйымы жоқ нәпсiнi
көрсететiн түрлерiнен өз дiлiмiздi алшақ ұстауымыз қажет. Ал iс
жүзiнде бiрiншiсiнен гөрi екiншiсi басым – елдi жаулап алып, рухания-
тымызды улап жатыр. Ертең-ақ соның салдарынан төл мәдениетiмiзден
жаттанып, ХХI ғ. «жаңа мәңгүрттерiне» айналу қаупі төнiп тұрғандай.
Абайдың ойынша, Жаратқанның тудырған бұл дүниесiнiң кiн-
дiгi – адам. Олай болса, «Адам бол!» – дейдi бабамыз. Яғни әрбiр
кiсi әрқашанда өзiнiң тұлғасының адам ұғымына сәйкестiгiн өлшеп,
өмiр бақи соған жетуге тырысуы қажет. Тек сонда ғана адам өзiн жан-
жақты дамытып, бойындағы ашылмаған табиғи дарындарын сыртқа
шығарып, гүлдетiп, бұл өмiрде ерекше орны бар тұлғаға айналып, өзiн
бақыттымын деп сезiне алады.
Бiрақ адам идеясы, ұғымы мен тiрi өмiрдегi пенденiң арасын қанша
жақындатсақ та, олар бiр-бiрiмен толық қосылмайды. Мұны терең түсiне
бiлген Абай да, қазiргi тiлмен айтқанда, экзистенциалдық ой-өрiстiң шеңберiнен көрiнiп, ХХ ғ. пайда болған осы Батыс ағымы қойған
адам мәселелерiн қамти бiлдi, оны бiз 1-шi қара сөзден-ақ байқаймыз.
«...әйтеуiр бiрталай өмiрiмiздi өткiздiк: алыстық, жұлыстық,