Серік Мырзалы философия оқу құралы


Сегiз минут шерiкте жерге барып



Pdf көрінісі
бет215/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   422
Сегiз минут шерiкте жерге барып.
Әншейiн құр жарқырап тұрып алмай,
Жылылық нұрмен бiрге жүр қозғалып.
Барша әлем тапжылмай тұрып қалса,
Бола ма, уақыт деген өлшеу салып?
Мақсат, тәртiп керексiз тозаңы жоқ,
Тексермей неге отырмыз мұны ойланып». Бұл шумақтан бiз 
ақынның сол кезде жаңа ғана ашылған ғажап ғылыми жаңалықты – 
күн сәулесiнiң жылдамдығының 300 мың км/сек. екенiн бiлгенiн 
байқаймыз. Екiншiден, ойшылдың қозғалыс пен уақыттың өзара байла-
нысын байқағанын, үшiншiден, табиғаттың терең сырларын ары қарай 
зерттеп, диалектикалық ұғымдармен ғылымды байыту керектiгiн терең 
сезiнгенiн көремiз.
Терең философиялық мәнi бар ерекше мәселе – жан мен тәннiң 
арақатынасы, өзара байланысы.
«Жансыз тән қалайша жүрмек?
Сол жан емес пе денелердi қозғап өсiрмек.
Бас қозғалыс қой жанның атасы,


311
Ол жаратады түрлеп.
Сол жаннан талай жан өскен,
Жанына қарай тән өскен». Сөйтіп, ақынның ойынша, жан мен тәннiң 
арақатынасында басымдылық – бiрiншiде, тәуелдiлiк – екiншiде, яғни 
сана, ақыл тәндi билейдi.
Ендi гносеологиялық, танымдық мәселелерге келсек, Шәкәрiм 
өзiнiң «Анық пен танық», «Мұсылмандық шарттар» т.б. еңбектерiнде 
ол адамдарға «қоршаған табиғи ортаның жұмбақ-сырын ұқ, танып-бiл, 
оның ашылған сырларын мақсат-мұратыңа жарат» деген ой тастайды. 
Оның ойынша, тану, бiлу, нану, ұғыну – бәрi ақыл iсi, ал оның iргесi 
мида жатыр. Бiрақ ол үшiн адам дүние-ден белгiлi ақпараттар алуы 
қажет. Оны жеткiзетiн – түйсiктер.
«Тән сезiп, құлақ естiп, көзбен көрмек,
Мұрын – иiс, тiл – дәмнен хабар бермек.
Бесеуiнен мидағы ой хабар алып, 
Жақсы-жаман әр iстi сол тексермек», – деген жолдар ақынның бұл 
мәселенi өз заманының деңгейiнде шешкенiн көрсетедi. 
Сонымен қатар дүниенi тану жолында соңғы ақиқатқа ешкiм де 
жете алмайды, оның соқпақтарында шындық пен қатар қателесiп кету 
де кездеседi. Сондықтан бәрiн ой елегiнен өткiзу қажет.
«Тегiс тексер, сөз көрсең – сыр мен сынын,
Түзетуге именбе тапсаң мiнiн.
Әдеп сақта, жалғыз-ақ қате айтты деп,
Былшылдапты дей көрме, бiлсең шынын». Бұл жолдарда ақын 
ғылыми этиканың бүгiнгi таңда бiзге керек негiзгi бiр қағидасын 
алға тартады. Өйткенi гуманитарлық ғылым саласында, өткен Кеңес 
заманындағы жетiстiктердiң бәрiн сынап: «Бәрi – терiс, қате, шындыққа 
бүгiн мен ғана жеттiм», – деп лепiрiп жүрген ғалымсымақтар жоқ емес.
Ендi, мiне, ұлы ғалымның этикалық, ағартушылық идеяларына 
тоқталуға кезек келдi. Ол ойшылдың негiзгi еңбегi – «Үш анықта»
басынан аяғына шейiн самғап өтетiн негiзгi идея бар. Алғашқыда 
ақын екi анықты сөз қылады. Бiрiншi – ол ғылымдағы ақиқаттар
оған адамзат мыңдаған жылдар бойы iзденiп, зерттеп жеттi. Екiншi – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет