айтыстық, тартыстық... Ендi жер ортасы жасқа келдiк: қажыдық,
жалықтық, ... бәрi қоршылық екенiн бiлдiк. Ал ендi қалған өмiрiмiздi
қайтiп, не қылып өткiземiз? Соны таба алмай өзiм де қайранмын», –
308
деген ойшыл сөздерiнен (аталған әдебиет, 7-б.) өмiр философиясын көру
қиын емес.
Дегенмен де «Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел», бәрi де
өзгерiсте болғаннан кейiн, ұлы Абай нағыз адам болу үшiн болашақ
ұрпақтарына өсиет ретiнде: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық
бол», – дейдi.
«Тiлеуiң, өмiрiң алдында,
Оған қайғы жесеңiз.
Өсек, өтiрiк, мақтаншақ,
Ерiншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның бiлсеңiз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл iс, көнсеңiз».
Әрине, Абай – телегей-теңiз, бiз оның кейбiр маңызды ойларына
ғана талдау жасадық. Оқырманға абайтану жолында сәттiлiк тiлеймiз.
§ 6. ХХ ғасырдағы отандық философия
Қайшылыққа толы ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ерекше
орын алады. Ресей империясының шеңберiнде қысылған, езiлген
халықтың ұлттық сана-сезiмi оянып, ерiктiкке, халықтың өз
бостандығына деген құштарлығы оянады; халық зорлық-зомбылықтың
негiзiнде жартылай қырылып, геноцидке (тұқымымен құру) түсе
жаздап, Кеңес заманының алғашқы кездерiнде түпкiлiктi түрде
көшпендiлiк өмiр салтымен қоштасып, жерге отырады, сауаты ашы-
лып, мәдениетi дамиды. Жергiлiктi халықтың саны күрт төмендеген
соң, оның кең-байтақ бай жерiне басқа ұлттар мен ұлыстардың
өкiлдерi өз еркiмен, я болмаса қуғын-сүргiнге ұшырағаннан көптеп
келе бастайды, қазақ елi көпұлттық елге айналады. Жаңа қалалар бой
көтередi, тау-кен өндiрiстерi тез қарқынмен дамиды, тың жерлер бұрын-
соңды болмаған қарқынмен игерiле бастайды.
70 жылдардың аяғы, 80 жылдардың басында Кеңес Одағы iрiп-
шiрiп, империя күйзелiске ұшырайды, соның нәтижесiнде 90 жыл-
дары Кеңес Одағы ыдырап, оның орнында жаңа тәуелсiз мемлекеттер
пайда болады. Қазақ халқының жүздеген жылдар бойы армандаған ел
бостандығы жүзеге асып, Егемен Қазақ Елi дүниеге келедi. Соны-
мен, ғасыр трагедиямен басталса, соңында халықтың шаттыққа толы
жарқын үмiттерiмен, оның жаңа мемлекет орнатудағы құлшынысымен
аяқталып, ХХI ғасырға ұласады. Мiне, жоғарыдағы айтылған
тарихи өзгерiстер мен көлемдi оқиғалар философия саласында терең
толғауларды тудырып, отандық ой-талғамды жаңа сатыға көтередi.
309
Ендi әңгiменi нақтылай келе, ХХ ғ. ұлы ойшылдардың философиялық
шығармашылығына назар аударайық.
Достарыңызбен бөлісу: |