Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет226/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   422
Байланысты:
2 (1)

Н.Әміреқұлов пен Н.Масановтың 90 жылдардың орта кезiнде шыққан 
еңбектерiнен оқимыз. Бұлар – ашық батысшылдар. Қазiргi қоғамдық 
санадағы олардың алатын орны мардымсыз.
Екiншi көлемдi топқа астыртын батысшыларды жатқызуға 
болады (билiк басындағы бiршама қызметкерлер, әсiресе Батыс 
елдерiнен соңғы жылдары бiлiм алған, өз елiнде уақытында ұлттық 
мәдениеттен терең нәр алмаған жастар тобы). Олардың ойынша, Батыс 
цивилизациясындағы жеке адамның шығармашылық iс-әрекетiне 
негiзделген озық технологиялар, құқықтық мемлекет үлгiлерiн, т.с.с. 
жетiстiктерiн алып өмiрге дереу енгiзу керек, сонымен қатар жеке 
адамдардың құқықтарын сақтау негiзiнде олардың жасампаздық 
күш-қуатын арттыру қажет; ұлттық руханияттың дамуын сол жолға 
бағындыру – заңды нәрсе.
Кейбiр зиялылар қоғамды апаттан құтқарудың негiзгi жолы 
исламдық бағытпен дамуда деген пiкiр айтады. Сонда ғана бiз өз бол-
мысымызды сақтап қалуға мүмкiндiк аламыз. Алайда бұл бағытты 
қолдайтын топтар көп емес: ол, бiр жағынан, Кеңес заманынан берi 
келе жатқан ағарған саясатқа, екiншi жағынан, қазақ халқының ислам 
дiнiнде тарихи терең тамырланбағанына байланысты болса керек.
Соңғы зиялылар тобы отандық бағытты (Д.Кiшiбеков, Т.Сәр-
сенбаев, А.Қасабек, т.б.) ұстайды. Олардың ойынша, қоғамның 
түбегейлi өзгеру жолында ұлттық дiлiмiз бен дәстүрлi мәдениетiмiздi 
сақтай отырып, озған елдердiң жетiстiктерiн соларға бейiмдей 


323
қабылдап, өзгеруiмiз керек. Сонда ғана бiз өз-өзiмiздi сақтап қалып
трансұлттық корпорациялардың тудырған жаңа мәңгүрттерiне айнал-
маймыз – жеке тұлғаның ерiктiгi әрқашанда қоғамдық мүдденiң 
шеңберiнен шықпай, құзға кетiп бара жатқан «соқырдың ерiктiгiне» 
ұқсамауға тиiс. Бұл бағыттың жақтаушылары зиялылар арасында өте 
көп болғанымен, қазiргi саясатта олардың үндерi әлсiз естiледi.
Жалпы алғанда, либералдық-демократиялық саясаттың өзi нақ-
тылы ащы шындықтың негiзiнде дүниеге келген болатын. Егемен-
дiктi алу барысындағы қалыптасқан iшкi және сыртқы ахуалдың өзi 
бiзге басқа жолды таңдауға мүмкiндiк бермедi. Өкiнiшке қарай, оны 
егжей-тегжейлі талдауға кiтаптың көлемi мүмкiндiк бермейдi.
Сонымен қатар қоғамның тез арада байлар мен кедейлерге жiктелiп, 
олардың арасындағы алшақтықтың өсуi, «байлық пен бақытты болу 
жақсы» деген идеологияның негiзiнде руханияттың жүдеуi, қоғамның 
бiршама бөлiгiнiң, әсiресе буыны қатаймаған, өмiрден алған тәжiрибесi 
тайыз жастардың батыстық тойымсыздық пиғылына өтуi, осыған бай-
ланысты «әлеуметтiк ауытқушылықтың шектен тыс өсуi, жекешендiрiлу 
жолында жасалған келеңсiз жайттар т.с.с. әлеуметтiк наразылықты 
күшейтiп, билiк басындағылар жүргiзiлiп жатқан саясатқа түзетулер 
енгiзуге мәжбүр болды. Қазiргi таңда жүргiзiлiп жатқан саясаттың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет