Серік Мырзалы философия оқу құралы


Кун (1922 ж.), Имре Лакатос



Pdf көрінісі
бет234/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   422
Кун (1922 ж.), Имре Лакатос (1922-1974 жж.), Пауль Фейерабенд
(1924 ж.) т.с.с.
К.Поппер ғылымның дамуындағы верификация принципiнiң 
жеткiлiксiз екенiн көрсетедi. Ғылымның дамуында пайда болған 
ешқандай теория «соңғы ақиқат» емес, күндердiң бiр күнiнде ол терiске 
шығарылуы мүмкiн. Олай болса, ғылымдағы қағидалардың терең 
табиғаты – олардың болжамдығында, қателiк кету мүмкiндiгiнде. Оны 
ол фаллибилизм (қателiк) дейдi. Ғылымдағы бiлiмнiң дамуы, негiзiнен 
алғанда, неғұрлым әртүрлi гипотезалардың көбiрек ұсынылуымен 
бiрге оларды фальсификациялаумен (терiске шығаруға тырысу, оған 
қарсы бағытталған пiкiрлердi ұсыну) байланысты. Сонда ғана ғылым 
дүниетану жолында тереңдей түседi.
Өзiнiң жалпы дүниеге деген көзқарасында ол «үш әлем» теориясын 
ұсынады. Олар: физикалық әлем, яғни бiздi айнала қоршаған дүние. 
Келесi – ментальдық әлем (Платонның «идеялар әлемiне ұқсас). 
Үшiншi әлем – адамзат жеткен шынтуайтты өмiр сүретiн бiлiм әлемi 
(Ортағасырдағы Ибн-Роштың адамзат интеллектiне ұқсас).
К.Поппердiң ойынша, философия ғылым емес, өйткенi оның негiзгi 
қағидаларын фальсификациялауға болмайды. Бiрақ ол адамға өмiрдiң 
мән-мағынасын ашып, сондағы адамның алатын орнын көрсетуге 
тырысады. Сол үшiн ол философияны биiк бағалайды. 
Өзiнiң әлеуметтiк философиясында К.Поппер адамзат тарихында 
ешқандай заңдылықтар болған емес деген пiкiрге келедi. Осы тұрғыдан 
ол марксизмдi, әсiресе «коммунизм» идеясын қатты сынға алады.


332
К.Поппердiң идеялары И.Лакатосқа зор әсерiн тигiздi. Ғылымның 
тарихи дамуын зерттей келе, ол «ғылыми зерттеу бағдарламасы» атты 
танымдық әдістемені ұсынады. Қайсыбiр кемелiне келген ғылымда өне 
бойы жаңа теориялар пайда болып, бiр-бiрiн ауыстырып жатады. Ал 
оның өзi сол ғылымдағы қабылданған «зерттеу ережелерiмен» тығыз 
байланысты. Олардың бiреуi (оң эвристика) болашағы бар зерттеу жол-
дарына сiлтесе, келесiлерi (терiс эвристика) қай зерттеу жолдарынан 
аулақ болу керек екенiн көрсетедi. 
Қайсыбiр «ғылыми-зерттеу бағдарламасының» iшкi бұзылмайтын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет