сциентистiк көзқарастарды тудырды.
Бiрақ бiз бұл жерде «шыңға қарай өрлеу – құлдырауды тереңдете
түседi» деген нақыл сөздi естен шығармағанымыз жөн. Атом электр
326
станцияларымен бiрге өмiрде атом бомбалары пайда болып, Хиросима
мен Нагасаки трагедиясына, Семей полигоны сияқты радиациямен
уланған жерлердiң көбеюiне, ол жерде өмiр сүрiп жатқан адамдардың
геноцидке ұшырауына әкелiп соқты. Чернобыль атом станциясындағы
жарылыс адамзаттың ғылыми тәкаппарлығын су сепкендей басып:
«Тоқта, сен Құдай емессiң, аяғыңды байқап бас!» – деген сияқты болды.
ХХ ғасырдағы қоғамдық өзгерiстерге келер болсақ, олар да
қайшылықтарға толы. Бiр жағынан, адамзаттың мыңдаған жылдар
армандаған «жерұйығын» – коммунизмдi дүниеге енгiзуге бағытталған
орасан зор батыл да қайғылы әлеуметтiк тәжiрибе ХХ ғ. 70 жыл-
дан артық уақытын алды. Ақырында, ол тарихи тұйықтыққа әкелiп
тiредi. Дүниенiң байлығын қайта бөлу әрекетi бұрын-соңды болмаған
екi дүниежүзiлiк соғысқа әкелiп, миллиондаған қыршын жастардың
өмiрiн алып кеттi. Гитлер мен Сталиннiң жасаған зұлымдықтарымен
салыстырсақ, Калигула мен Неронның, Атилла мен Шыңғысханның,
Иван Грозный мен Наполеонның жасағандары баланың ойыншығы
сияқты! Мұндай жағдай философиядағы адам өмiрiне деген терең
тебiренiстердi тудырып, «өмiр философиясын», әсiресе экзистенци-
ализм бағытын күшейтiп, оның «дiни» және «атеистiк» бағыттарын
дүниеге әкелдi.
ХХ ғ. екiншi жартысында дамыған капиталистiк елдер «пос-
тиндустриалдық цивилизацияның» шеңберiне кiрiп, өздерiнiң халық-
тарына жеңiл де бай өмiр салтын ұсынды. Демократия бiршама
жетiстiктерге жетiп, «адам құқықтарының» сақталуына көп көңiл
бөлiне бастады.
Бiрақ байлықтың өсуi адамзаттың рухани-адамгершiлiк жолындағы
өрлеуiн тездеткен жоқ, тiптi, керiсiнше, оны тоқыратып тастағандай
болды. Бiр жағынан, жер бетiнде өмiрдiң қызығына тоймай, күнбе-
күнгi өмiрден ләззат iздеген дамыған елдердегi «алтын миллиард»,
екiншi жағынан, күнбе-күн аштықтың зардабын көрген тағы да «мил-
лиард», ал ол екеуiнiң ортасында аласапыран қиындықтарды басынан
өткiзiп, жақсы өмiрге ұмтылып жатқан кедей елдердегi адамзаттың
қалған 4 миллиарды! Бүгiнгi таңда ХХ ғ. орта кезеңiнде пайда болған
адамзаттың жарқын болашағы жөнiндегi идеялар бiршама сөнiп,
ғасырдың аяғына қарай пессимистiк антисциентистiк дүниесезiм бой
алып келе жатқан секiлдi.
Ал ендi ХХ ғасырдың рухани мәдениетiне тоқталсақ, ол да неше
түрлi шытырман қайшылықтарға толы. Бiр жағынан, орасан зор
ғылыми жетiстiктер, мәдениет құндылықтарын миллиондаған данамен
басып, халыққа тарату мүмкiншiлiктерiнiң өсуi т.с.с., екiншi жағынан,
адамның техника, өлi байлық, дене ләззатының құлына айналуы. Бiр
жағынан, ХХ ғ. бүкiл адамзат тарихының беттерiнде сирек кездесетiн
327
ұлы гуманистер – Тереза-ана, А.Сахаров, А.Швейцер, Махатма Ганди
т.с.с. өмiр сүрсе, екiншi жағынан, бұл ғасыр Гитлер, Сталин, Муссо-
лини, Пол-Пот т.с.с. залымдарды дүниеге әкелдi.
Бүгiнгi адамзатқа керектi нәрсе – жер бетiндегi Ғарыштың әсем
гүлi – өмiрдi сақтап қалу, ғылымның жетiстiктерiн адамгершiлiкпен
ұштастырып, жаңа жағдайда «мәңгi сұрақ» – адамның өмiрiнiң мән-
Достарыңызбен бөлісу: |